МЕНІҢ ТІЛЕГІМ...

МЕНІҢ ТІЛЕГІМ...
жеке
блог

Қазақтың қайғыға қабырғасы қайысса, қуанышты жүрегі жарыла қабылдайды... «Бүйрегің бұрып отыр ма» деп жатады әзілдеп... «Ағайынды өкпеге қисаң да, өлімге қимайсың» деген де сөз бар... «Өтің жарылып кетсе де, бетіңе айтайын»  дейтін де біздің қазақ... «Өкшебасарым ғой...»  –  деп қуанатын,  «Бауырым менің!»  –  деп ет-жүрегі елжірейтін де қазақтың ерекше қасиеті, қазаққа ғана тән... «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» деп ренжитіні бар кейде,  «жан-жақтан немерелерім келіп, қолымды ұзартты»  деп те қуанады болмашыға... «Бас аман болса, табылар...»  –  деп сабырға шақырады. Тіпті: «Жатырынан қағынған неме!»  –  деп қатты айтатын да біздің қазақ екен ғой... 
Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсыншы, текті халықтың жақсыға құштар ұрпағы!