Күнде өтемін сол жерден

Күнде өтемін сол жерден
жеке
блог

Шаруа көп қым-қуыт 

Күнде өтемін сол жерден,

Әр өткенде жанымнан 

Ысқырасың желменен.

 

Ғашықсың ба? басқа ма?

Білмеймін әлде жас бала

Секілді сен де болдың ба?

Сезімді босқа ластама!

 

Ойыншық емес махаббат

Көрінгенге арнайтын.

Сыйлашы тек шапағат

Шын сүйетін жаныңа!

 

Мен емеспін ойнайтын

Сен емессің ойлайтын.

Шаруаңа бекем бол

Әр өткенге тоймайтын.

 

Жадыра МҰСАБАЙ