Гигиеналық үштік

Гигиеналық үштік
жеке
блог

Студент кезімде өзімді тәрбиелеуге көп көңіл бөлетінмін. Оқыған-тоқығандарымды жинақтап, жазып, кейбіреулерін А4 қағазға қаламмен сызып, үйдің көп көңіл бөлетін жерлеріне, есікке, айнаның қасына тб жерлерге іліп қоятынмын. Нақыл сөздерді жазып, немесе, биылғы жылдың жетістікке жету жолдары сияқты жазбаларды қолданатынмын. Мына кесте 4 курста оқып жүргенімде жасаған болатынмын. Оқуды бітіріп, әскерден келген уақытта сол жазғандарымның көпшілігі жоғалып кеткен болатын. Мына кестені кездойсоқ тауып алып, өткен өміріммен қайта қауышқандай болдым. Мына нақыл сөздер сіздердің де бір керектеріңізге жарап қалар деген ойдамын:

Нақыл, ұлағатты сөздер (Жадыңа түй)

- Адамдар арасында бір-біріне сенушілік өріс алған жерде ғана достық, бауырмалдық, ұжымдық қарым-қатынас орнайды; (М.Ғабдуллин)

- Храни порядок и порядок сохранить тебя; - Если не жить современностью – нельзя писать (А.Блок)

- Махаббат - әуелі адамның адамдығы (Абай)

- Мақтан қума, бірақ бар күшіңмен мақтауға лайық әрекет жасауға тырыс (Л.Каменский)

- Ақылды жігіт атқа да қонар, таққа да қонар;

- Екі кісіден сыр жасырма: 1. Дәрігерден сыр жасырсаң аурудан арылмайсың. 2. Досыңнан сыр жасырсаң қатарға алынбайсын;

- Үш нәрсеге арқа сүйе: 1. Өмірге арқа сүйемеген - өледі, 2. Уақытқа арқа сүйемеген - өтеді, 3. Жүрекке арқа сүйемеген - өзгереді;

- Жалқаулық - біздің қабілеттерімізді дамыту жолындағы ең зор кедергі; Э.Делакруа

- Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан келіп шығады; (Абай)

- Өзін еркін дамытқысы келген адам кедергілерді жеңіп үйренуге тиіс; (И.П.Павлов)

- 1) Нені тез орындау көзделсе, қандай жағдайлар кездеспесін, орындайтын бол. 2)Орындайтын ісіңді жақсылап орында. 3). Ұмытып қалғаныңды еш уақытта да кітаптан іздеме, оны өзің еске түсіруге тырыс. 4). Ақыл-ойыңды барлық күш-жігеріңмен тек іске жұмсай біл... Мінезсіздік пен ашуланшақтықтан, жалқаулықтан арылу мен үшін ең мәнді нәрселер. (Л.Н.Толстой)

- Барлық өмірің үшін мақсатың болсын, шағын мақсатты жоғары мақсатқа құрбан ете отырып, өміріңнің кезеңі, белгілі мақсаты үшін, жыл үшін, ай үшін, апта үшін, күн үшін, сағат, минут үшін мақсатың болсын; (Л.Н.Толстой)

- Жалпы ынта бөліп, жігер, қайрат болса, өз-өзіңе сенген кәміл иман болса, ер жігіттің істей алмайтын ісі жоқ. (С.Сейфуллин)

- Адам өзінің мінезі мен ерік жігерін не үшін шыңдайтындығына ылғи да есеп бере білуі тиіс; (А.В.Петровский)

- Өзіне деген сенім – тамаша нәрсе, өйткені ол – адамның өз қабілетін сезгеннің белгісі; (Т.Гоббс)

- Сөзіңе, антыңа берік болуға жастайыңнан үйрен. Сөзге беріктік - өз мерей абыройың; (М.Горький)