Өзім туралы қысқаша...

Біссіміллә! 

Қалайсыңдар?! Сәкенұлы туралы толығырақ мәлімет беріп кетуді жөн деп санадым! Ааал кеттік!!

Аты-жөнім Базарбай Ұлықпан(Лұқман хәкімнің құрметіне) Сәкенұлы.

Туған жерім-Жер жәннәті Жетісу(Жетісай қаласы), тұрағым-киелі Маңғыстау(Ақтау қаласы)!

Руым-Ұлы жүз, оның ішінде Дулат.

Қазіргі кезде Маңғыстау қазақ-түрік лицейінде оқимын.

Жасымнан атамның баласы емес, адамның баласы болып өстім. Қазақ дегенде шығарға жаным бөлек.

Қазақ әдебиетінде қос қанатым-қос Мұхтар.Прозада-Мұхтар Әуезов, поэзияда-Мұхтар Шаханов.

Құрғыр тіл әдебиетке уақыт өтпей ұштап тұрмасақ арнасынан айнып кетеді! Ақындықтың ауылынан алыс жанбыз! 

Өзім күліп жүргенді ұнатамын, өзім сияқтыларды да(осынау бескүндікте күліп өткенге не жетсін!)!

Адам психологиясына жаным құмар.

Міне мен жайлы бар болғаны осы))



Бөлісу: