Бұл роликтен бас айналады

Дарынды жастар тобы стаканмен ритм соққылап, керемет клип түсіріпті.

Видеода квартет «You’re Gonna Miss Me When I’m Gone» әнін айтады. Қолдарында стакан. Орындаушылар отырған орындықты оператор айнала жүріп түсірген. Аздаған кеңес, видеоны көріп отырып, жүрегіңіз айнымас үшін мониторға 20 секундтан артық қарамау керек :)

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/lr0FLbg7CRI","width":"550","height":"350"});

Түсірушінің басы айналып, жүрегі қалай айнымаған деген ой келеді.

Жалпы стаканмен ритм соғып ән айтуды «Идеальный голос» атты фильмде актриса Анна Кендрик орындаған соң ютубқа көптеген жастар өздерінің айтқан әндерін салуды дәстүрге айналдырған. Бірақ сіздерге ұсынып отырған видеоролик көптің ішіндегі таңдаулысы деуге болады.

(adme.ru)



Бөлісу: