Бала асырап алу салты жайында не білесіз?!

Қазақ халқы – өте балажан, бауырмал халық. «Соңымнан ерер тұяқ қалсын», «Шаңырақ шырағы сөнбесін» деп ұрпақ жалғастығына аса мән беріп, бесікті болып, сәби сүюге асыққан.

Алайда, қай заман болмасын отанасының құрсағы кеңеймей, бесігі бос тербетілген отбасылар кездеседі. Әйелі бедеу, күйеуі белсіз болса бұдан асқан қандай қасірет бар?! Ұрпақсыз қалу, сәби сүйе алмау кім-кімнің болса да жанына бататыны айдан анық. Мұндай жағдайда қазақ халқы байырғы салт жөнімен бала асырап алуға бел буады.

СТВ арнасындағы "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" атты бағдарламаның кезекті саны баланы асырап алу салтына арналмақшы. Сондай-ақ, бағдарламада баланы сатып алу, баланы бауырға салу, баланың өсуі (қозы жасы, қой жасы, жылқы жасы, патша жасы, пайғамбар жасы) сияқты жоралғылар туралы айтылатын болады.

Қайталауы: жексенбі күні, 28 шілдеде сағат 19-00

Мұрағат: stv-online.kz

Редактор: Қазына Әбдіғапбар

Продюсер: Ғазиза Ұзақ



Бөлісу: