Жап-жаңа толқын

Достар! Бүгін Юрмала қаласында 12-ші халықаралық жас орындаушылар арасындағы "Жаңа Толқын" 2013 сайысының басталатынан хабардарсыз ба?

Өзім осындай сайыстарды сүйіп қарайтыным бар. Бүгін басталатын сайыс жайлы тапқан ақпаратыммен бөлісе отырайын.

Естуімше, Лера Кудрявцева биыл да сайыстың жүргізушілері қатарынан көрінеді. Қызық, ажырасып кетсе де оның жұбы Сергей Лазарев болады екен. Александр Ревва, Анна Семенович, Потап та бар. Бәрі де көңілді, сөзге шебер, жақсы жүргізушілер. Менің ойымша, әзілдесу биыл көп болатын сияқты.

Бізден биыл АДАМ атты жас талантты әнші қатысады. Қарағандылық болғаннан ба білмеймін, жүрегіме жақын. Дауысы да, дарыны да бар. Биыл жеңіспен қайтсақ қой...

12-ші "Жаңа Толқынның" бірінші күнінде АДАМ 12-ші болып шығады. Бүгін халықаралық хиттер орындалады, ал АДАМ менің ең сүйікті әндерімнің бірі ''Ain't no Sunshine when she's gone'' орындайды.

Айтпақшы букмекерлердің статистикасы бойынша АДАМ қойылған ставкалар бойынша алдыңғы орындарда тұр, бұл да жақсы көрсеткіш.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/wG0VJ7yhcvQ","width":"425","height":"350"});

Бүгін сағат 21:00-де "7 арна" эфирінен "Новая волна 2013" байқауының бірінші күнін тамашалаңыздар. Қазақстанның намысын қорғайтын әнші ADAM-ға жанкүйер болыңыздар. Жерлесімізге қолдау көрсетейік!

Естеріңізге сала кетсем, бұл сайыс 23-28 шілде арасында өтеді.



Бөлісу: