ЭСТАФЕТА "Мен қолданатын қосымшалар" - 3

ЭСТАФЕТА "Мен қолданатын қосымшалар" - 3
жеке
блог

Сәния айтқандай, қазіргі заманда смартфонсыз өмір бар ма? Әрқайсымызда бір-бір айфон не галаксидан бар. 

рпо

Мынау менің ұялы телефоным. GALAXY ACE. Көбіне, логикалық ойындар аламын. Енді өзіме ұнаған, ұялы телефонымда бар қосымшаларды тізейін.

1. sozdik.kz . Бұл сайт бәрімізге таныс шығар. Осы сайтттың андроидқа арналған қосымшасы бар. Жалпы кез-келген кезде керек болады. 

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.sozdik

 

2. Знаете ли вы, что? . Бұл қосымшада бөлімдерге бөлініп, қызықты факттар жазылған. Ерігіп отырғанда, қосып қойып, оқып, таң қалып отырамын) 

https://play.google.com/store/apps/details?id=im.dev.dokyouknow

 

3. Yes or no . Иә немесе жоқ. Аты айтып тұрғандай, бұл қосымшада, сұрақтар қойылады, сіз иә немесе жоқ деп жауап бересіз. Кейін дұрыс немесе дұрыс емес жауап бергеніңізді көрсетеді. Негізі көп нәрсе біліп қаласың, дүниетанымың кеңейеді. 

https://play.google.com/store/apps/details?id=ru.onyanov.yesorno

 

4. Тілектер, Құттықтаулар . Бұл қазақша қосымша. Түрлі құттықтаулар мен тілектер жазылған. Және барлығы бөлімдерге бөлінген. Пайдалы!

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.hit.greetings.kz

 

5. Защитная сигнализация касания. Бұл қосымшаны қосып қойып, ұялы телефоныңызды алаңдамай қойып кете бересіз. Егер ұялы телефоныңыз орнынан сіл қозғалса, "сигнализация" қосылады. 

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.touchalarmprotector

 

6. Мудрые фразы .  Даналық сөздер жазылған, жақсы қосымша, статусқа қоюға таптырмайтын қосымша.

https://play.google.com/storepps/details?id=ru.apptech777.phrases

 

Менде осындай тектес қосымшалар ғана бар екен. Эстафетаны Ақжелеңге тапсырдым.