Массагетіктер, жаз қалай өтіп жатыр???

Жаздан ерекше нәрсе күтеміз ғой. Бірақ, басты жоспар максимум демалу қыдыру ғой. 

Биылғы жаз қыдыруға, күнге қыздырынуға көп мүмкіндік бермей жатыр-ау. күнде жаңбыр, күн салқын. Сонымен кім қайда, қалай демалып жатыр???

ӨЗІМЕ келсем, сол жұмыстамын. Биылғы жазда демалыс жоқ менде, қыста демалып алғам ))). Сол енді, жүрк ыстық автобуста ысып, үш сайттың ортасында жүгіріп :). Тух, жылаңқы демеңдер мені :). Демалыс-демалыс арасында қыдырып жүрмін, үйге тоқтамай. Сол соңғы екі аптада қайда бардым, не көрдім көрсетейін. бір жағы сіздерге баратын жерлер тізіміне жаңа есімдер қосайын

Сонымен, екі апта бұрын Түрген шатқалына бардық, бірақ сарқырамаға бармадым. 2-3 жыл бұрын жиі баратынмын, биыл бергі етекте қалайықшы деп шештік. 

Түрген жер жанаты ғой, суы салқын тасып жатыр. Қыдырып келген адамдарды ең бірінші апаратын жерлер тізіміде. 

Түрген. Алматы қаласынан 50 км, Есік қаласынан 10-15 км. Кіруге адам басына 300 тг төлейді. 

1- тоқтайтын жер ол қасиетті "Жастық" бұлағы.  Бұл бұлақ туралы аңызға сенсек, бұлақтың суын ішкен адам жас болып кетеді. Бұрындары осында тұрған шал мен кемпір осы судан ішіп, күнделікті жасарып отырған деседі. 

Осы жерден біраз су ішіп бой жазып алғасын жоғары көтеріліп,  форель балығын өсіретін жерге барамыз. Түргеннің форельі шет елге экспортқа шығады. 

Келушілерге өздері аулауға мүмкіндік жасап қойған, кішігірім аңғарға ұзындығы 15-20 см болатын балықтарды аулауға жіберіп қойған. Бірақ ақылы. Бір қармақ 300 тг, өз қармағыңды кіргізбейді. Айтпақшы, жәй кіруге 50 тг төлейсіз. Бір кг балық (3 штук) - 1800 тг. Тазалау әр балыққа 100 тг, қуыру 1 кг балыққа 1500 тг. Опшым дайын бір балыққа 1500 тг төлейсіз. Бірақ, қымбат деуге асықпаңыз. Бұндай балықты анда-санда жеп тұруға болады. Дәмі керемет!!!

Балықты алып, өзіміз жеке отыратын жерге бардық. Барлық жерде отыратындай ыңғайлығып ағаштан столдар орындықтар, қазан орындары, туалетке шейін жасалған. 

 

Біз барған кезде елдер рафтингтен жарысқа дайындалып жүр екен, себебі бұл жерде өзен ағысы қатты. Көктемде тасиды. 

Бастысы демалыс өте жақсы өтеді. Демалып қаласыз. Атқа мінуге, тауға шығуға болады. Егер жабайы демалмаймын десеңіз бұл жерде демалыс орындарынан көп нәрсе жоқ. Жалпы шығын балықпен қосып есептегенде адам басына 3 000 тг-5 000 тг

Алдыңғы апта Жаркент, Шонжы жаққа барып келдім. Негізі тойға барғам, бірақ қыдырыс көп болды. 

Шонжыдағы ыстық су бұлақтары біздің үйдің жылда баратын демалыс орны. Бірақ, бұл жаққа көктемде барған жақсы. Биыл жаз салқын, сондықтан да жазда да баруға болады:

Бұл жақта сервис керемет дей алмаймын, бірақ демалуға жағдай жасалған. Барлық жерде бассейн. Биылғы барған жерімізді суретке түсіре алмадым. Мына сурет бұрынғы енді.  Адам басына бір күнге 2000 тг төлейсіз. тамақ өзіңізден. Жатын орын, душ бәрімен қамтылған. Зато денсаулығыңыз түзеліп қалады. Жалпы шығын 6 000-10 000тг. Жолды қосқанда. 

Жаркент арасан, Көктал арасан дегенді естулеріңіз бар ма? Су мен балшықпен емдейді. 

Жаркентке кетіп бара жатқан жолда керіліп Іле өзені ағып жатыр. 

Биыл балық аулай алмадық дейді, себебі балықтар өлі күйінде бетінде жүрді дейді. Жалып ілеге жақындау қиын, себебі суы адамды тартып әкетеді. 

Көктал арасаны Жаркентке 15 км жетпей солға кетеді. Көктал арасаны ауылының жалпы көрнісі. 

Ауылда 100 ғана үй бар-ау деймін. Бірақ, мектеп және үлкендерге арналған демалыс орны мен балалар лагері бар. Халықтың бәрі сол үші мекеме де қызмет етеді және таңқурай (малина) отаны саналады. Жұмыс істемейтін халық көбіне малина сатып күн көреді. 

Көктал арасанының жалпы көрнісі. Бұл жерді ұстап тұрған суымен батпағы. Құрамында радон бар дейді. Суға 5-7-9 минут қана түсуге болады, одан арыға жүрегіңіз шыдамайды. Көп ауруға ем. Күндігі 3 500 - 5 000 тг арасы. Барлық жағдай жасалған, тек связь ұстамайды және нетбук, планшет анау-мынаумен кіргізбейді. Технологиядан демалу керек дейді. Табиғатын айтып жеткізу қиын. Тау ортасы, өріктер мекені. 

  

Қандай жермен орналасқанын сөзбен жеткізу қиын. 

Мынау Көкталдағы балалар лагері. 

папама біраз ренжіп алдым, кішкене кезімде неге лагерьге жібермедің деп. 

 

Опшым бар қызық осы, қазірше. Әлі талай жерге баруды жоспарлап отырмын. Суға түсіп-түсіп аяқ қолымды алалмай жүрмін :). 

Сіз жазды қалай өткізіп жатырсыз жазды??? 





Бөлісу: