Эстафета Жалғасы. Бір күн, бір өтірік.

Эстафета Жалғасы. Бір күн, бір өтірік.
жеке
блог

Алдымен мен, осы эстафетаны бастаған Алаш қызының Сарғалдағына рахмет айтамын. Ғазизағада таяқша кезегін ұсынғаны үшін алғысым шексіз!

Мынау тек қана арнайы сіздер үшін!

Негізі мен Өтірікті тапқанда қуанғаным жоқ. Таяқшаның маған ұсынылғанын  білгенде, көңіл күйім төмен болды. Неге дейсіздер ме?..... жай, әшейін, деп айта алмаймын. Себебі бар..... мен негізі кеше ауылға кетпек болғам. Көлікті күтіп отырып, Массагетке кіргем ғой, сөйтіп, таяқшаны алып алдым. Ауылға кететінім есіме түсіп уайымдап қалдым. Сіздерден ұят болды-ау) Нем бар ед, деп өзіме өзім ашуланып отырдым. .... Ай бұйырған кетпейді дейді ғой) Ақыры көлікке сыймай қалып, ауылға бара алмай қалдым) Сөйтіп эстафетаны жалғастырып отырмын). 

Ал, бастайын, Өтірік болмауыда мүмкін, есте сақтаңдар!

 

"Жансая, Күнсая тұрыңдар, Қазір мамаларың келеді" Бұл сөз сол күні естіген алғашқы сөзім) Әкем, жұмысқа  бара жатыр еді, Аздан соң мамам мен татем пойыздан түседі. Соған айтып жатыр тұрыңдар деп. Ояу болсақда, тұруға ерінген Күнсая екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгіме айтып жаттық. Әне-міне дегенше, мамалар келді. Ой, көріспегенімізге 12 күн болған ғой. Түркістанға кеткен еді. Оразамызды ашпай жатып, мамалардың әкелгендерін көрдік.

Аздан соң папада келді. Сөйтіп мен шай қоюға кеттім. Шай ішіп болған соң, компьютерге отырдым. Аралдан ағам келіп, онымен бірге қауын жеп, артынан сарайды жинап, түскі тамағымды іштім. Папа бір жерге кетті ғой) мен папа келем дегенше,ұйықтап алайын дегем ғо) ұйықтай алмадым) Сөйтіп шай жасадым, бәріміз шай ішіп алдық. Ағамның үйі мал соятын болып, мен көмектесуге сонда кеттім. Қуырдақ істедім. 4-5 сағаттай сонда болдым. Келіп жуынып алып, магазинге барып келдім, тұз алу үшін. Артынан тамақ болып ішіп алып, компьютерге отырдым, Со түнгі 3 тер шамасында ұйқыға кірістім. 

Осы менде, ішінде 3 өтірік бар.

Жауап жазбасам кешіріңіздер! Тағыда ауылға кетіп қалуым мүмкін. Кетіп қалсам, Күнсая өзі жауап жазады. 

Ал, Сәттілік, достар!