Бір сәт (өмір)

Бір сәт (өмір)
жеке
блог

Өмірдің мәні неде!? Бұл, дүниені жалған дүние деп жатамыз... Ия, мәңгілік еш нәрсе жоқ. Бірақ, кешегі күн бүгін қайталанбайды, алда не болатынын білмейсің, бүгінгі күн деп бір күндікті ойлап тағыда өмір сүруге болмайды! Не істеу керек? Ойлану керек, оймен істеу керек, ертеңгі күнің не болатынын ойлану керек, өмірге қайта келгендей әсерді сезіну керек, өткен күнде белгі бар дегендей, өткен күннен алған сабақтардан іс-жүзінде жүзеге асырған еңбек тәжірибесіне қарай отырып алдағы атқарар мақсат-міндеттеріңе ұмтылу керек. 

Кейде бәрін жаңадан бастағың келеді, бірақ бастай алмайсың. Өйткені, сен бастап қойғансың... Ал, бұрын айналыспаған істермен айналысу, міне осы өміріңе елеулі өзгеріс әкелмек. Әрқашан жақсы нәрсе ойлау керек, жаман ой жамандық шақырады, жақсы ой, жақсы ниет әрқашан жақсылық әкеледі, ертелі кеш. Жаманмен жолдас болма, жақсымен сырлас бол. Аллаға шүкір, айналамда жақсы адамдар жетерлік!