Ақтауға сапар

Ақтауға сапар
жеке
блог

Маңғыстау өңірі. Ақтау, алапат теңіздің тұздай қышқыл иісі мұрынға бірінші келіп, кешкі салқын желмен бізді құшақ жая қарсы алды. Сол сәттерде теңіз жағасында жыл сайын өтетін "Каспий - море дружбы" атты рок фестивальға қызу дайындық үстінде еді. Келген күні-ақ түн демей құрылып қойған сахнаны көруге асықтық. Көрдік те. Тамаша. Теңіз жағасында, үлкен сахнада болатын концертке бұрын-соңды қатысып көрмеген біз, іштей қуанып, моральді дайындалдық. Иә иә, намысқа тырысып, концертте жақсы ойнап, жоғарғы дәрежеде өнер көрсету керек болды. Себебі, біздің топ сол аталмыш фестивальға Хедлайнер, яғни, арнайы қонақ болып шақырылған болатынбыз.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

12

12

Фестиваль жақсы өтті. Қазақстанның әр өңірінен келген біраз командаларын тыңдадық. Барлығы да кәсіби деңгейдегі музыканттар. 100%-ды тірі дыбыс! Бір керемет оқиғаға тап болдық десем артық емес! Алдаспан тобы фестивальдің жабылуына соңғы болып сахнаға шықты. Видеоға да түсіріп алдық. Сіздерге тарту етеміз дей отырып, ыңғайлы отырып ап, жақсы динамиктермен немесе құлаққаппенен тыңдап тамашалауыңызды сұраймын)

                                                                            Алдаспан тобының ритм домбырашысы Бахытжан