Бір күн, бір өтірік (Кезексөз)

Бір күн, бір өтірік   (Кезексөз)
жеке
блог

Сара кезексөз таяқшасын ұсынғаныңа үлкен рахмет)))

Ал енді бастайын!

      Бүгін таңертең біртүрлі жағдайда ояндым. Көзімді ашсам жездем тұр. Тұр кеттік, мен Алматыға кететін болдым. Сені жолдан үйіңе тасай кетемін деді. Ұйқымды әзер ашып, әйтеуір заттарымды жинадыv. Сағатқа қарасам алты болып қалыпты. Үйдегілер ұйықтап жатыр.Жездем бол, бол,- деп асықтырған соң бір біріміздің беттерімізден сүйіп қоштастық та жездем екеуміз жолға шықтық. Ауылға дейін бір жарым сағаттай. Үйге дейін ұйықтап бардым. Ауылға жеткен соң мені түсіріп жездем кетіп қалды.

       Алдында бір агентте отырғанда ауылдас қызым интернетте отырмын деген. Қалай? деген сұрағыма 2000бірлік құйып, шексіз интернеттің ішіндегі планшет дегенін таңдайсың деп бірдемелерді айтқан. Ауылға барған соң құйып тексеріп көрем деп ойлағам. Сол есіме түсіп дүкенге кіріп 2000бірлік сатып алдым.

       Үйге кірсем мамалар шай ішіп отыр екен, мені көріп қуанып қалды.Менің келетінімді білмеген. Бәріміз бірге отырып таңғы шайымызды іштік.  Папа жұмысқа ерте кеткендіктен осылай ерте шай ішетінбіз.  Бүгін де сол әдеттен жаңылмапты. Ағамды оятып оның шайын беріп, папаны жұмысқа жіберіп, ыдыстарды жуып болғанша сағат тоғыз болды. Түске дейін үлкен үйді тазаладым.Мен ырғалып жүргенше сағат 12 болып қалыпты. Түскі асты даярладым.

       Түскі тамақты ішіп болған соң қалаға кетпей тұрып бастап кеткен құрағым болатын соны аяқтайын деген ниетпен тігін машинасына отырдым. Сонымен ұзақ отырып қалыппын. Сағат төртте мамам кино басталды деп түртті. «Мұзды жарып шыққан гүлді» көріп жүргенмін. Киноның ішіне кіріп кеткендей бір сағат табжылмай отырдым. Кино біте сала тамақтың қамына кірістім. Күріш басайын деп шештім. Бірақ үйде сәбіз таусылып қалған екен. Соны алуға дүкенге бардым. Қайтып келіп етін қуырып суын құйған соң. Сараның эстафетасы есіме түсіп, 2000 бірлікті модемге құйып кірсем шынымен де интернет істеп тұр бірақ жылдамдығы сәл нашарлау екен. Сараның жазбасына кірсем таяқшаны маған беріпті. Қуанып кетіп бүгінгі күнімді жазуға кірістім.

Құрысын, мен кеттім суым қайнап кетті)))))

Ішінде екі өтірік бар. Таяқша тапқан адамда!Сәттілік! ))))