Массагеттіктерге ризамын !

Мен массагет сайтына көп болған жоқ тіркелгеніме. Сайтқа кіргелі оқып отырамын не жаңалықтар, нендей пікір талас туып жатыр екен деп. Барлығы бір-бірімен етене таныс, біреуі кірмей кетсе барлығы оны сағынып қалады екен. Басқа сайттардағыдай ұрыс керіс ғайбат сөздер жоқ тәрбиелі орта екен. Сайтты ұйымдастырушы топқа мың  алғыс. Пікірлер арасынан көп кездесетін жастардың аттарын жаттапта келе жатырмын. Сырдың қызы, Ардақ Құлтай, Айка қалыңдық, Бигелді Темір, Мейіргүл Оңғарова, Ғазиза Ұзақ сиақты танымалдарды танып қалдым. Мен сайтқа аса зор үлес қоспасамда жайлап үйреніп келемін массагет сайтын қалай пайдалануды. Келешекте де қызықты жаңалықтармен сайтты толтыра беріңіздер, тың тақырыптар, тың пікірлер сіздерден күтемін. Алға Қазақ жастары !



Бөлісу: