Қыз балаға тұрмысқа шығу қиын ба?!

Қыз балаға тұрмысқа шығу қиын ба?!
жеке
блог

Қыз бала болып дүниеге келген соң, көп нәрсеге өз жауапкершілігін болу керек екен!

Кішкентай кезімнен құлағым естіп өскен ол - Сен өскенде бір үйдің келіні боласың олай жүрме бұлай жүрме, оны істеме ұят болады деген сөздер! Міне уақытты тоқтау барма?! Ойын қуып жүріп жасымның 23 ке келгенін енді сезіне бастап жүрмін,,, Сонда менің шыныменде Апам айтпақшы Үлкееен қыз болғанымба?! Кімнің есейгісі келеді дейсіз, әр жылы туылған күнімде бір жылап аламын. Ойланып қарасам менің де бір үйдің түтінін түтететін уақытым келген сияқты. Бірақ менде қорқыныш бар, Мен қорқамын. Неден қорқамын, кімнен қорқамын? Жауабы жоқ, Әйтеуір бір қорқыныш бар. Тағдыр дегенге қатты сенгім келеді! Кенеттен, тосаттан сый болса деймін бәріде, бірақ барлық таңдау өзіме келіп тіреледі! Ешкімнің көңілін сындырып, жанын жаралағым келмейді, бірақ өзім қаламаған жағдайда ренжітіп жатырмын! Маған үйленгісі келген жігіттердің бәрінде қайтарамын. Көңілім қаламайды. Менікі дұрыс та емес шығар, бірақ мен Жүрек қалауыммен өмір сүргім келеді!