"ST brothers" этно-джаз дуэтінің жаңалықтары

"ST brothers" этно-джаз дуэтінің жаңалықтары
жеке
блог

Достар сәлем!

Сіздермен қайта қауышқаныма қатты қуаныштымын. Көптен бері сағынып та үлгердім))) Осыншама уақыттан бері талай қызықтар болды. Солармен бөліскім де келіп отыр)))

Алдымен жақында ғана өткен "ST brothers" этно-джаз дуэтінің фотосессиясынан түскен суреттерді көрсетейін. Айтқандай, бұл жобамен осыдан екі апта бұрын жаңа бейнебаян түсірдік. Жақын арада сіздерден сүйінші де сұрап қалармын)))

Екіншіден дәл осы топпен, яғни өзімнің туған ініммен))), Қазақстан қалалары бойынша гастрольдік сапарларымызды бастап кеткен болатынбыз. Концерт өткізген қалаларымыздың ішінде Семей, Павлодар, Қарағанды, Тараз, Қызылорда да бар. Бұл сапар жаз бойы жалғасын табады. 

Үшіншіден, Алла қаласа, алдағы уақытта, продюсерлік орталығымыз кино түсірмек ойы бар. Сонда інім екеуіміздің де сомдайтын рөлдеріміз бар екен. Кім болатынымыз әзірше құпия болсын, кейіннен көре жатарсыздар)))

Төртіншіден, Лондон қаласына гастрольдік сапарымызға қызу дайындық жүріп жатыр. Жаңа әндер жазылып, сол әндерге сахналық көріністер, билер қойылуда.

Міне, жазғы демалысымыз осылай өтіп жатыр.