Арнайы массагет үшін: orange chicken

Арнайы массагет үшін: orange chicken
жеке
блог

Ерекше дәм татып көргілерің келсе, мына тамақты жасап көріңіздер.

Керек:

тауық еті (филе) -500-700 гр.

ұн, крахмал, 2 дана жұмыртқа. 

Бұл бірінші қадам: алдымен тауық етін кесектеп турап, алдымен ұнға, кейін жұмыртқаға, сосын крахмалға былғап, ысып тұрған майы бар табаға қуырып аламыз. Барлық тауық кесектерін дайындап болған соң қағаз сүлгіге шығарып қоямыз.

 

Келесі қадам: 

Екі апельсин шырынын, зібір тамырын, екі ас қасық соя соуысын, ащы қызыл бұрыш шай қасықтың жартысын, екі ас қасық қант, бір ас қасық балды ыдысқа салып араластырып, бір кесе су қосып, қазанда қайнатамыз. Соус қайнағанша  бір ас қасық храхмалға екі ас қасық су саламыз да, соус қайнаған бетте қосамыз. Осы сәтті жіберіп алмай, қуырылған тауық кесектерін қосамыз да, жақсы етіп араластырамыз. 

Сонда жоғарыдағы суреттегі секілді шығу керек. Дайын тамаққа көк пияз бен кунжут дәндерін салуға болады. гарнир ретінде күріш тамаша үйлеседі))


Астарың дәмді болсын))))