Қайтып келмейтіндер...

  Кейде өз дауысыңнан қорқатының бар.

  Қараңғылық...

 ....  Жарықта да қалмайтын әлгіндегі  соңар дауыс,пәтуасыз тіл күрмеуі мен түсініксіз түстер елесі шынайы тіршіліктен де қашып кетпейтін батыр-ақ!...

Жердегі бақыттылардың тағдыры ғана әр түрлі, ал бақытсыздарды  шырмалтқан бұғау қысымы оларды ұқсастырады,түсінісіп,тіл табыстырып, тіршілік туралы толғамдарын таразылатады,әрі олардың жүрек тіліндегі бір ғана тілек «Босатшы! Босат Мені!»деумен ғана өтінетіні бар...

***

Меңіреу көктем... Түн қияли көрінетін...

Тас қоршаған қараңғы қыстақтың ертегісі жұлдызды аспан  жазылмас дертке шалдықтырып, «Арман» отельіне жиі ертіп баратын, сондағы  әңгіме болсын деп отырып  бастаған ойын өрбіткен қыз қиялына қызығатын... Екеудің мұңы мен жалғыздың жасын жеңер жүрегінде дастаншы отырғандай  ұйып тыңдайтын да, күн шығар таңға дейін ұйқтамайтын... Ағып жатқандарға абдырамайтын...

Тіршіліктері түрлі  ,тілдесе алар құдіреттері  болашаққа деген бір ғана сенімдерінен бастау алатын...

***

Бұрымы ұзарғанда күрестердің күні қысқарып, кірпік ұшында көрінетін қиялдың өзі сағымға айналып,қасқағым күндер құлдыратқан,шынайылықтың күші көктегі жарық жұлдыздың да шамын бәсеңдеткен күз еді. Қарапайым өмір сүрудің қағидасында қиялдың ұшып кетері, сенген жүрекке қиын соғатыны қалай? Сұрақтар көптеп қойылғанымен, жүрегің көппен жараланса да көппен көрмей көз қуанышың қалмайды. Көппен ортақтасқан қиялдың құдіреті болмайды. Көкіректегі құпия сырлар, гүл бағындай өміріңнің көктем кезінде әдемі болып көрінеді,алғашқы көктеміңде сен келер күздің барын білмей шатасып қалдың...

Адасқаныңды ұғынасың... Адасумен танысасың...

Өкінерсің... Қиялсыз қалған қалашығыңа емес, қиялың бардағы уағыңның қадіріне жете алмағаныңа...

  ***

Болашақты сағыну, болашаққа сену,болашақпен өмір сүру үшін болашақтағы өміріңді көріп алуыңнан кейін болар! Ертеңді армандаған көптің, ертеңінде өткенін сағынар ыстық жаспен қалған мөлдірліктің тұнығына тұншығатыны тағдырда талай бар...

Уақытқа,мекенге бөлмей, бөлінбей тіршілік ету –тыныштығың,десекте, бала қиялды сығынып,  бала көрсе қызығы қарайтынымыз, сана түбіндегі өзіміздің тәтті тыныштықтағы қалпымызға үңілуіміз сияқты.

Мақсат.... Арман...

 (тым басқа)  бүгінде қиял қалашығы жерде де, көктеде жоқ,иә, жоқ!Ол тек тылсымы тың қаламгердің  сиясында сақталған, сол бардың сәулесімен санада жарық болсын!

***

Сыр, мұң,сезім,жүрек пен көңіл......

 Етті жүректің қысылар тұсы көп...

Қорқынышта жаныңды жейді....

Тәнің мен рухыңның бірікпеуі,мезгілмен ауысқан тұманның құбыланы таптырмауы сезіміңнің салқындығынан туатын секілді.

Өзіңді тоңдыра көрме!!!



Бөлісу: