Махаббат қос ғашықтың нәзік гүлі!

Махаббат қос ғашықтың нәзік гүлі!
жеке
блог

Махаббат қос жүректің нәзік гүлі,

Әлде кім солдырмасын қорлап оны,

Кетпесін желге ұшып,суға түсіп,

Тек қана сүйгеніңе сыйла оны!!!

 

Махаббат - қаншама жүректерді тулатып, қаншама жүректерді жылатты. Баз біреулерге үміт силап баз біреулердің үміт отын сөндірді. Жастық шақтың ең тәтті елестері боп Махаббат қана қала алады! Махаббат құдіретіне бас имейтін жан жоқ шығар бұл әлемде! Жүректерді ерітетін де, қатайтатында сол махаббаттың құдіретінің күштілігінен болар! Махаббаттан басымыз айналғанда - бақыттан басың айналып әлемге "МЕН БАҚЫТТЫМЫН" деп жар сала айқайлағымыз келеді. Махаббаттан көңіліміз қалғанда - Махаббат қәтігез деп оны сөге бастаймыз!

Шын мәнінде Махаббат жел сияқты біреуге қатты соғады, біреуді жаймен тербеп билеп өтеді!  Біз махаббат ауруымен ауырғанда бәрі де мәңгілік сияқты, әлемде сен және ол ғана бар сияқты сезінеміз. Бірақ  бәрі өте шыққанда жан азабына қалып жатамыз.

Ең бастысы мүмкіндігіміз барда осы уақыттарымыз өтіп кетпей тұрғанда, қолымыздағы барды бағалап аялай білейік!