Тасқа айналған жүрек

Тасқа айналған жүрек
жеке
блог

Қайтемін мен ұнатып ем өзіңді,

Ояттың ғой менде тұнған сезімді.

Махаббаттың күйгеннен соң отына,

Сағынамын ойсыз жүрген кезімді.

 

Көздеріңе, күлкіңе мен ғашықпын,

Неге саған жаным сонша асықтым.

Көргеннен соң басқаменен өзіңді,

Көз жасымды теңіздей ғып тасыттым.

 

Қуанышым қайғымменен қосылды,

Ойындарың осыменен осылды.

Келген кезде құлағыма сезінем,

Бұрын соңды естігендей осы үнді.

 

Осыдан соң тасқа айналды жүрегім,

Кеудемдегі ауыр оймен жүремін.

Бірге жүрген кездерімдей жымиып,

Содан кейін мен ешқашан күлмедім.