Купальник киіп қутыңдағандар.

Купальник киіп қутыңдағандар.
жеке
блог

         Жаз. Жайнаңдаған жаз да келіп жеткелі бір айдың жүзі болып қалды. Нағыз күн ысып кеуде қыздыруға шығатын шақ. Жағалауға барып демалып, суға түсетін едік-ақ. Әттең теңіз бен көлді өзіңіз түгіл көлеңкеңіз де көрмейтін ауылдан боламыз. Сондықтан барға қанағат етіп кішігірім тобықтан келетін өзенімізді бөгеп, кішігірім белге жетпейтін көлшік жасаймыз да, соған шомылып қарқ боламыз. Бір ауыл сол көлге жылда барып суға түсеміз.

       Биыл да дәл солай. Сол көлшігімізге күн ысысымен жөндеу жұмыстарын жүргізіп(бөгеп дегенім ғой), реттеп қойыпты. Бардық,несін айтасыз. Біраз түстік су әлі суық екен, сондықтан ұзақ та түсе алмадық. Біраз күнге қыздырынып жаттық. Бір мезетте жайнаңдаған бір топ қыздар да(ыстықтаған болуы керек)келіп қапты. Түрлері онша таныс емес еді. Көлшігімдізді көріп мұрындарын тыржитты.(Қалада бассейнге түсіп үйреніп қалған қала қыздары ау деп ішімізден түйдік.)Шынымен ақ ауылға келген қала қыздары екен. Содан қойшы, қыздар келе сала сөзге келместен суға түсетін киімдерін киіп сақадай сай. Киім деп айтуға ұят енді. Көлде емес моншада жүрміз деп қалған ау деймін. Тем более ауылда бұлай жүру біз үшін ұят нәрсе ақ. (Біз сол шорты, фудболкамен түсіп, сол су күйімізде үйге қайтып үйренген халықпыз ғой. Купальникті біздің ауылдың ешбір қызы кимейді. Біз үшін ол жалаңаш жүргенмен тең.) Мына қыздарды көріп біздер де, жігіттеріміз де аузымызды ашып қарап қалыппыз.(Таң қалғанымыз ғой).Міне осылайша біз тездетіп кетуге асықтық.(Бір құмалақ бір қарын майды шірітер демекші, бұлардың жалаңаш жүргенін өзімізге ұят санадық). Ал олар бейтаныс ауылда бейтаныс ұлдар арасында жалаңаш күйінше қала берді.

       Бұл менің ғана ойым, менің ауылымның ғана ұяты.  Ал сіздер ауылға келгенде қалай көлге түсесіздер?!Отбасымен демалуға барып әкесінің көзінше жалаңаш(суреттегідей) жүруге қалай қарайсыздар?!