Ақмолла Мұхамедиярұлы (1839 - 1895)

Ақмолла Мұхамедиярұлы             (1839 - 1895)
жеке
блог

 

Ең әуелі тазалау керек іштің кірін,

Іште толып жатпасын сасық ірің.

О, дариға, іш тазарсын, іш тазарсын,

Болмаса пайда бермес құры білім.

 

Би болмас - белді жалпақ буғанменен,

Тазармас - түбі нәжіс - жуғанменен,

Кей заман көзін жұмып, құр мүлгиді,

Сопылық табылмас - көз жұмғанменен.

           

Кімнің зауқы болмаса - білімі жоқ,

Кімде білім болмаса - ғылымы жоқ,

Кімде ұждан болмаса - сүйгені жоқ,

Кімде сүйген болмаса - иманы жоқ.