Қазақта

Қазақта
жеке
блог

Қайда десең, бейбіт өмір, ғажап күн,
Естігенде дүбірін ақ боз аттың,
Көргің келсе әппақ нанның иесін,
Бағаласаң еңбегін зор озаттың –
ДАЛАСЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ!
Кімде десең, ақыл-қайрат тасыған,
Аямаған барын, нарын досынан,
Кімде десең, мейірім мен шапағат,
Қонақжайлық қанға біткен жасынан –
БАЛАСЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ!
Әр қадамын қарсыластың нақ білер,
Қырағылық – жауын сезіп, ат мінер,
Тентектерін тыятұғын отты тіл,
Ортасынан қара қылды қақ тілер –
ДАНАСЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ!
Білгің келсе, қасиет бар тағы мың,
Дәлеліндей Алла берген бағының,
Әбішұлы Нұрсұлтандай перзентке,
Берген тәлім, тәрбие мен тағлым –
АНАСЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ!
Таңдай қаққан үлкен-кіші, жас бала,
Көз тартады зәулім, биік АСТАНА.
Есік ашқан жаңару мен дамуға,
Дағдарыстың кілті болған бастама –
ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ!
Қауіп емес, мұң мен шерің, қайғың да,
Салиқалы ой сұлулыққа сай мұнда.
Еңбек, бірлік, ынтымақ пен береке,
Бақыт, байлық, намыс, ұят, айбын да –
АРАСЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ!