Мен келдім)

Баршаңызға сәлем деймін!

Қарап отырсам, соңғы жазбамды мамырдың 13-жұлдызында, ал соңғы пікірлерімді сол айдың соңында қалдырыппын. Бір ай бойы массагетті сырттай бақылап, пікір қалдырмасам да, жазбаларды оқып, мақалаларды бір байқап көріп келдім. Енді осы ай ішінде неліктен Массагетке ат басын бұрмағанымды, белсенділігімді жоғалтып алғанымды айтайын.

Бұл үзілістің өзіндік себебі бар. Ел-жұрт сырттан «Ғазиза массагеттен кетті», «Блог жазуды доғарды» т.с.с әңгімелер айтып отырған болар, бірақ, оның еш негізі жоқ дегім келеді.

Сонымен, маусым айы мен үшін ерекше айдың бірі болды. Бірінші маусым күні «Нұр» триосының Есік қаласындағы Мәдениет үйінде жеке шығармашылық кеші өтті. Кеш қонағы болып Қорлан Картенбаева шақырылды. Ал мен жігіттердің өтінішімен кештің жүргізушісі болдым. Жігіттердің алғашқы қуанышына Қорлан екеуміз осылай ортақтасып қайттық. Өкінішке орай, қол астымда суреттер жоқ. Бірақ, концерттің өте жақсы деңгейде өткеніне сеніңіздер)

Келесі ерекше оқиға «The Spirit of Tengri» жобасының іске асуы. Шыны керек, бұл жобаға ұйымдастырушылар мен әртістер күні-түні тыным таппай дайындалды. Оған өзім куәмін. Әр дүниеге ұқыптылықпен, аса жауапкершілікпен қарап, фестивальдің ойдағыдай өтуіне тырысып бақты. Бұл сенім, үміт кейін толығымен ақталды. Фестиваль расында да ойдан шықты. Халықтың ықыласы ерекше болды. Тіпті, фестивальге келген шетелдік қонақтардың өзі таң қалып, ерекше ризалықтарын білдірді. Бұл шынымен де үлкен іс. Бірақ, бұл фестивальге тырнағының ұшы тимей, «Біз ұйымдастырушылармыз!» я «Біз осф фестивальдің демеушіміз» деп көкіректерін қаққандар да кездесті. Оларға күле қараған басқа еш амал жоқ.


Фестиваль кезінде небір қызықтар өтті. Сахна сыртында жүрген менің қолымда сандық фотоаппарат болды. Реті келген бойды ең қызықты сәттерді түсіріп жүрдім. Сол кезде маған анық қызық сахнада емес, сахна сыртында болғандай көрінді. Алдаспандық жігіттермен билеп, Болатбек көкемізбен этно-музыкаға «Қара жорғаны» жіберіп, одан қалса, суретке түсуден жалықпаған кезімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Болатбек қырғыз әншісінің жағынан салып жіберді))

Ойылдың ойлы жігіттері)

Бурятиялық әртістермен)

Чылтысқа сондай разы болдым. Аяулымға білгенін көрсетіп, көмеймен қайлаудың қыр-сырын ашты

Биді жіберген кез)

Көкем екеуміз


Барлығы кетіп қалғанда өзімше сыбызғышы болып)

Маржан апатайыммен

Қорлан мен Ная

Ақ қарда)


Одан қалса, келесі күні тауға шығып, Шымбұлақтың әсем табиғатына тамсанып, барлығымыз демалып қайттық. Шыны керек, аптап ыстықта ақ қармен ойнаған бір түрлі екен. Тауда ызғарлы болса да көңіл-күйіміз керемет болды!

Өткенде ғана осы массагетте жаңа жоба туралы мақала жарияланған еді. Сол жобамыз құдай сәтін салып жұма күні эфирге шықты. Емтихан тапсырғандай күйде болдық. Себебі, бұл жоба біз үшін ең ірі әрі аса жауапты болды. Айтпақшы, алғашқы бағдарламаны мына жақтан тамашалай аласыздар.

Анық қызық енді басталды. Осы фестиваль, концерт, жаңа жоба деп жүріп сабағымның ең жауапты кезеңіне қалай келіп жеткенімді аңғармай қалдым. Күндіз жұмыс, түнде сабақ деп, әйтеуір, диссертациялық жұмысымды жазып бітіріп, ойдағыдай қорғап шықтым. 2 жылдық оқуым артта қалды. Енді мен толыққанды білім алып шықтым.

Бар қызығым осы. Осы игі қызықтардың салдарынан массагеттен қол үзгенім бар. Енді бұл олқылықты толтыру мақсатында белсенділігімді қайта қалпына келтірмекшімін. Байқағанымдай, барлығы мына жақта ант беріп жатыр ғой, сол сияқты мен де жазбаларымды молынан жазуға ант етемін))))



Бөлісу: