"Жанан" телехикаясын тамашалаңыздар!

Тағдыр тәлкегіне ұшыраған Жанан туралы түрік телехикаясы «СТВ» арнасында! «Жанан» телехикаясы Түркия елінде ғана, емес өзге де елдерде көрсетіліп, көрермендердің жылы лебіздеріне бөленді.

Белгілі түрік режиссері Бахадыр Инсаның 2011 жылы жарыққа шыққан туындысында қатал тағдырға мойынсұнбаған Жанан әйелзатының өмірі жайлы баяндалады.

Жананның анасы екінші мәрте тұрмысқа шыққан соң, олар өгей әкесімен бірге өмір сүреді. Көп ұзамай анасы өмірден озып, Жанан өгей әкесінің тәрбиесінде болады. Ақылына көркі сай қызға өгей әкесі қамқор болудың орнына оған зорлық-зомбылық көрсетіп, Жананның еркінсіз, оны бейтаныс кісіге тұрмысқа береді.

Өгей әкенің қолынан қиындық көрген Жанан күйеуінің отбасында да суық жүздер мен қаталдыққа тап болады. Себебі, оның қайын жұрты өгей әкесінің оған жасаған қорлықтарынан хабардар. Көп ұзамай Жанан аяғының ауырлағанын біледі. Осы кезде құрсақтағы шарананың әкесі кім екенін білмей әбігерге түседі. Айы-күні жақындап, босанған кезде ол сәбиінің шетінегенін естиді. Шақалақтың өлімі, қайын жұртының қаталдығы, өгей әкенің қорлығы Жананды Франция еліне кетіп қалуға мәжбүр етеді. Араға уақыт салып, өткен күндерден қорытынды жасаған Жанан ақылға тоқтап туған елге оралады. Туған елге оралған бойда ол өтірік айланың арбауына түскенін біледі. Жанан осы уақытқа дейін өлілер қатарында санаған кішкентай қызы Элифтің тірі екеніне көзі жетеді. Осыдан кейін тағдырмен арпалысқан Жанан әділдік пен шындық жолына түсіп, жүрегін жаралаған жандардан кек алуды көздейді.

Басты кейіпкер рөлін танымал түрік актрисасы Озлем Чонкер сомдайды. Сценарий авторы Оржун Оксар.

Күн сайын «СТВ» арнасынан сағат 21:30-да болатын «Жанан» телехикаясын тамашалаңыздар!

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/w-_qhsbAV3Q?hl=ru_RU&version=3&rel=0","width":"450","height":"330"});



Бөлісу: