Әділетсіздік деп ойлаймын...

Әділетсіздік деп ойлаймын...
жеке
блог

ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ -2013. Бүгін тікелей эфирде 6 сағат бойы жанұямызбен тамашаладық. Сонша күткенімізде ойымыздағыдай болмады. Біздің елімізден бөлек әлемнің 40 шақты мемлекеті тамашалап отырған үлкен масштабта өткізілген жобада өз көзіммен әділетсіздіктің куәсі болдым деп ойлаймын. Жүрегім шырылдап қоя берді. Жеңіп тұрған азаматты орнынан алып тастау дегенді әлі де түсіне алар емеспін. Белдесуге дайын тұрған барыстың бетін қайтарып тастады. Сонша кезеңді артта тастап, жеңіске ұмтылып келе жатқанда, соңғы сәтте жеңісті қолынан жұлып алғандай болды. Бейбіт ағамыздың қарсыласы Ержан Шынкеевтің де қылығын түсінбедім. Жігітке тән мінез бе сол? Жеңілгенді де мойындау бір ерлік емес пе?! 

Мен үшін сол жартылай финалда жеңіске жеткен Бейбіт Ыстыбаев болып қала береді. Бұл әділетсіздік алдағы жылдары қайталанбайды деп ойлаймын. Әрине, бұл тек менің ойым. Мүмкін қателесіп жатқан да шығармын. Бірақ барлықтарыңыз куә болған шығарсыздар. Бейбіт жеңісті таза еңбегімен алды емес пе?! Артық кетсем кешірерсіздер...