Виртуалды махаббат

Дидар жұмыс жасап отырып компьютеріндегі интернет парақшасын көзі шалды. Әлеуметтік желі бетін көріп,  түрлі сұлу бикештерді тамашалап отырып қалды. «Жалғыз Мәжнүн» деген лақап атпен тіркелді. Өзінің суретін жүктеп, қыздармен хат алыса бастады. Тіркелгеннен 2-3 күн өткенде Раушан атты сұлу бикеш достық ұсынып жіберіпті. Фотоларын көріп, жаңадан өзі сияқты тіркелгеніне қарап, интернетте көп отырмайтын болар деп қабыл алған ұсынысын. Жұмыс арасында сол бикештен хат тосатын болды. Басында  жай уақыт өткізіп көңіл көтерермін деген Дидар, күн өткен сайын жақындықтары бардай сезіне бастады. Жабырқаған сәттерінде қолдау көрсетіп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді айтпай ұғатын секілді. Уақыт өте келе сол Раушанды ойдан шығара алмай да жүрді. Жұмысан кеш шығатынды шығарды. Ал үйде   15 жыл отасқан жары мен 6 сыныпта оқитын қызы тосып отырады. Жарын да қатты сүйеді, сыйлайды. Бірақ Раушан да ойынан шығар емес. Жарына бір опасыздық жасағандай сезім де бар. Осылай сезімдер арасында арпалысып жүріп  3 ай да өте шығыпты. Телефонмен хабарласудан бас тартқан соң, Дидар  Раушанмен желі арқылы ғана сөйлесіп жүрді. Күннен күнге еліктіріп бара жатқан бикешпен кездесуге бел байлады. алдын ала келісіп кинотеатрда кездесетін болып шешті. Раушанның шарты бойынша Дидар кинозалға 30 мин кешігіп кіруі керек.

Сол күні жұмыстан кеш шығатынын жарына айтып еді, құрбысына қонаққа баратынын айтты жары. Іштей қуана шықты таңертең жұмысқа. Әрең дегенде кеш батты. Жұмыстан асыға шығып сағатына қараса сеанс басталған екен. Жарты сағат өтті-ау дегенде келіскен кинозалға кірді. Қолында Раушанға деген раушан гүлі. Фантастика жанрындағы фильм жүріп жатыр. Соңғы қатарға көтеріле бос орынды көзі шалды. Не де болса осы орын болар деген Дидар, еңкейе өтіп бос тұрған орынға да жетті шытырлатып раушан гүлін құшақтап. Жымия қарап отырған жарын көріп бос орынға сылқ отыра кетті...

Фильм ортасына қарай үрейлене фильм көріп отырған жұрт назары соңғы қатарда жырқ-жырқ күліп отырған екеуіне ауды. – Бұлары несі ужас кино көріп отырып жырқылдағандары?- деп реніш білдіргендері де болды араларында. Фильм соңына дейн отыра алмастарын сезіп екеуі залдан күле шықты...

 

Абыр-сабыр. Жиналған қонақтар: - Дидар, Мақпал! Кішкене Таланттарыңның бауы берік болып,  үлкен азамат болсын!- деп құттықтап жатыр...



Бөлісу: