Адамдар бір-бірімен ұрысқанда, неге айқайға басады?

Бірде Ұстаз шәкірттерінен сұрап жатыр: 

- Адамдар бір-бірімен ұрысқанда, неге айқайға басады? 

- Сабырсыздықтан болар, - деді біреуі. 

- Бірақ сонда да жаныңда тұрған адаммен айқайлап сөйлесудің қажеті қанша? - деді Ұстазы. - Онымен ақырын сөйлесуге болады ғой? Ашуланған да айқайға басудың қажеті қанша? 

Шәкірттері тұс-тұстан әр түрлі жауаптар айтып жатты, алайда ешқайсы жауап Ұстазды қанағаттандырмады. Болмаған соң Ұстаз өз ойын жалғастырып, шәкірттеріне: 

Адамдар бір-бірімен ренжіскенде көңілдері суып, олардың жүректері бір-бірінен алшақтай түседі. Осы алшақтықтың арасын жауып, бір-бірін есту үшін олар дауыс шығарады, айқайлайды. Реніштері күшейген сайын, айқайда күшейеді. 

- Ал адамдар бір-біріне ғашық болған жағдайда не болады? Олар айқайлап, дауыс көтермейді, керісінше, ақырын сөйлеседі. Өйткені олардың жүрегі өте жақын, және олардың арасындағы қашықтық та жақын. Махаббатары жалындаған сайын не болады? - деді Ұстаз. - Сөйлемейді. Олар сыбырлап сөйлеседі, және махаббатары одан әрі беки түседі. 

Ақыр соңында сыбырлап сөйлесудің де қажеті болмайды. Өйткені олар бәрін көзбен ұғады, сөзбен емес. Мұндай жағдай екі ғашықтың ортасында болады. 

Міне осылай, бір-біріңізге ренжіскенде, жүректеріңізді бір-бірінен алшақтатуға жол бермеңіздер, араңыз суитындай сөз айтпаңыз. Бір күн туады, ара қашықтық алыстап кетіп, қайтар жол табал алмай қалатын. Соған сақ болыңыз. 

Аударған Асқар Сағитжан. 



Бөлісу: