Бай дирижер


Бірде бай кісі жас кезінде оркестрді басқарсам деген арманын орындамақ болады. Ол 1 дауылпаз, 3 қобызшы және 24 домбырашыны өзінің жаңа оркестр құрамына қабылдайды. 

Әлгі бай алғашқы дайындық үстінде дирижерлік қызметінің үдесінен шыға алмай, оркестрді басқара алмай әуре болады. Оған ызасы келген дауылпаз оркестрден кетемін дейді. 

Сонда 1 домбырашы: "Әй дауылпаз, кетіп қайда барасың? Саған ақшасын төлесе болды емес пе? Өзі де ақырындап музыканы түсініп келе жатқандай" - деп оны көндіріп алып қалады.

Келесі бір дайындық үстінде бай дирижер ырғаққа түсе алмайды. Оған ашуланған дауылпаз дабылын қатты ұрғылап отыра береді. Сонда дирижер залдың тынышталуын сұрап, дауылпазға біраз қарап тұрып:

Бұл шығармын авторы кім? - депті...



Бөлісу: