Менің аксиомаларым

Адамның жақсы қасиеттерін санамалай берсең бітпейді, дәл сол сияқты жаман қасиеттерін де жиып-терсең сарқылар тұсына жетпейсің... Адам бірде жақсы, бірде жаман, бірде мінсіз жақсы да, ал бірде үмітсіз жаман... Кей пендешілік адамның ойында қалыпты іс болып көрінеді... Менен қарыз алып, қайтармаған адамды кешіре алмаймын. Қарыз ретінде тек ақша деген түсінік емес... Жақсы көрген адам лапылдап жанып тұрған от сияқты. Көл-көсір сезімге берлсең күйіп қалуың да мүмкін... Істің бәрі де қиын, ақыл айту оңай... Жүректен шыққан сөз жүрекке жетпейді, одан да іске асады немесе оттай күйдіреді... Менбілемділік әркімде бар, сондықтан ешкім де мінсіз емес... Қыздар қызғанбайды, жеккөреді, ұлдар жақсы көрген соң қызғанады... Адамның адалдығы – қыл үстіндегі қалт-құлт еткен қауырсындай. Ал оны шеберлігімен бағындырған адам жоқ. Кейде болар-болмас қиялға берілемін. Сондағы ой қазақтың сөздері неге бір-біріне ұқсас болды екен деген ой. Мәселен сезім мен төзім. Екі бөлек дүние болғанымен сезімнің өзі төзімнен, төзімнің өзі сезімнен құралады емес пе? Ақындарға льгота! «Халық айтса қалып айтпайды», бірақ халық ол тобыр. Ағалардың қасында жүрудің еш зияны жоқ...

Түсіндіңіз бе? Кейде өзім де түсінбеймін өзімді...

 

Айтпақшы, Ақерке... ммм... е жоқ, өзің айтарсың жаңалығыңды...



Бөлісу: