31 арнада 1-шілдеден "Дила" телехикаясы!

31 арнада 1-шілдеден "Дила" телехикаясы!
жеке
блог

 Бұл хикаяны қазақстандық көрермен ұзақ күтті. «Соңғы үміт» топтамасындағы Галип рөлінен кейін, ер тұлғалы Эркан Петеккая түрік хикаясын сүйіп көретіндердің көзайымына айналған-ды. Дегенмен, осы фильмнен кейін, көрермен қауым түрік киносының жарық жұлдызын экраннан жоғалтып алды. «31 арна» өз көрермендеріне алғашқы болып 42 жасар актердің ең табысты жұмыстарының бірін тарту етіп отыр.

Бұл бақытқа жетуден күдерін үзген екі жанның махаббат хикаясы. Қаншама қиындық көріп, сәтсіздік пен тағдырдың қатал сынына тап келсе де де олар махаббаттан үмітті. 

Рыза зауыт салу үшін жер сатып алуды ойлайды. Алайда, жер иесінің кіші ұлы Азар бұл телімді сатуға үзілді-кесілді қарсы. Келіссөз барысында атыс болып, Рыза Азарды көздеп атады, алайда інісін құтқарам деп  денесін тосқан Исхан, оқ тиіп мерт болады. Марқұмның жары Дила күйеуінің қазасы үшін  - Рызадан кек алуға өзіне-өзі серт береді. Алайда, тағдырдың дегеніне не шара...

Күндердің күні олар кездесіп, біріне-бірі көзсіз ғашық болады. Арада біраз уақыт өткеннен соң Дила алдында күйеуінің қанын жүктеген жанның тұрғанын біледі. Ол антынан тайып, өткенді ұмыта ма? Сүйікті адамымен жаңа өмір бастай ала ма? Махаббат өшпенділікті жеңіп, тәкаппарлықты шетке ысырып, дәстүрді бұза ала ма...

 

Дила сулу