Үйді таза ұстаудың ең жеңіл тәсілі

 

«Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген дана халқымыз. Яғни ертеңгі ана, бүгінгі әрбір бойжеткен үй шаруашылығын дұрыс жүргізуді біле ме?!

Міне осы сұрақ төңірегінде мен сіздерге өзім тапқан ең оңай шешімді ұсынғым келеді.

НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК????

Аз-аздан!!!Яғни барлық шаруаны бірден жасап тастауға тырыспаңыз.

Міне МЫСАЛ ҮШІН неден бастауға болатыны туралы:

 1.      Спорттық киім мен ыңғайлы аяқ киім  киіңіз. Қандай киім кисеңізде өз еркіңізде.Тек ол  қандай киім болса да, есік ашуға немесе күтпеген қонақтарды қарсы алуға дайын болуыңыз керек.

 2.      Әрбір кеште ыдыстарды жуатын раковинаны жалтыратып жууды әдетке айналдырыңыз!!! Бұл үлкен нәтижеге әкелетін ең алғашқы және негізгі әдетке айналады.


 3.      Күнделік жүргізуді  бастаңыз. Онда бір күнде атқаруға тиіс шаруаларыңызды жазып қойыңыз.  Және ол шаруаларды күнделікті таңертең және кешке орындап отырыңыз.


 4.      Өзіңіздің артыңыздан жинап жүріңіз. Яғни,  бір затты алдыңызба қайтадан орнына қоюды үйреніңіз. 

5.      Ұялы телефоныңызды таймерін  15 мин-қа  қойыңыз.  Тек өзіңізге өзіңіз «Мен бұл жұмысты 15 минутта  істеп тастаймын! »  десеңіз болғаны.  Қанша шаруаны жасап тастағаныңызды көргеніңізде таң қалатын боласыз.


 6.      Ешқашан екі жұмысты қатар істемеңіз.

7. Жылдам жұмысты бітіріп, демалу үшін қарқынды түрде жұмыс жасаңыз.

8. Күнделікті өзіңізге де көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

 

Әзірге осы.  Пайдаларыңызға жарайды деген сенімдемін. Барлықтарыңызға  сәттілік тілеймін!!!

                                                                                          Дайындаған: Айдана  Серікбекқызы



Бөлісу: