Танысу жайлы бір үзік сыр.....

Достарым мен туыстарыммен араласып, қажеттіліктер туындамаса жалпы әлеуметтік желіге кірмейтін мен бүгін сол әлеуметтік желілердің бірінде бір жігітпен таныстым.  Аты А...... екен. Жасы менен 1 жасқа кіші болса керек. Жалпы танысудың мұндай түрін ұнатпайтын едім.(( Оны  бекер айтып тұр деп ойламаңыздар өз тәжірбиемнен білемін. Кездесулердің бірнешеуіне де барып көргенмін. Осындай кездесулердің барлығы дерлік қисынсыз екенін түсінгеніме де  біраз болған. Әлгі жігітпен біраз  уақыт жақсы әңгімелескеннен соң,   оның  «нөміріңді берші» деген сұрағына жоқ деп жауап бердім. Ол да көп ойланбастан «Өзің біл»  деп қысқа қайырды. Өз басым ұялы телефонның кішкене экранына көз тастап жанталасып  жазысып танысқанша, таза ауа,  әдемі гүлдерге толы саябақта  танысқанға не жетсін шіркін?! Дәл қазір сондай парктердің бірінде, ағаштың саясында,  өзге орындықтардан сәл оқшаулау орналастырылған жасыл орындыққа келіп  жайғастым. Соңғы кездері осы тәрізді паркттерге жиі келуді шығардым, бәлкім сол адамды кездестіріп қалатын шығармын деген үміт болар...   

Бір түрлі жан дүнием алабұртып тұр. Жалғызсырап тұрмын ба қалай?! Өзіммен пікірлес адамды  кездестіргім келгендіктен ба әйтеуір,  ауық-ауық жан-жағыма көз тастап қоямын. Парк арасымен сәбиін арбамен итеріп келе жатқан ана көрінеді. Бар мейірімін төгіп, үнемі қамқоршыл ана махаббатыне не жетсін!Әне ана жақтан егде тартқан орыстың шалы мен кемпірі өтіп бара жатыр. Жүздері шаттыққа толы қариялар  бірге өткізген кездерін, бәлкім ең алғаш қалай танысқандығын  есіне алып, әңгімелесіп келе жатқан тәрізді. Олар мүмкін дәл осы паркте танысқан болар... Кім білсін?!  Шіркін... Көзімді жұмып едім,  көз алдыма  сол баяғы әдемі парк, сол оқшаулау орналасқан жасыл орындық елестейді. Қартайып, бірнеше жыл отасқан жолдасыммен бірге дәл осы парктегі орындықта сыр тарқатысып отыр екенмін деп қоямын.. Тып – тыныш.  Парк асфальтына қонған бір топ көгершіннің «пырррр»  етіп,  бір мезетте аспанға көтерілгенінен қиял құшағында отырған  мені жастар тек әлеуметтік желілер арқылы ғана танысып, білісетін техниканың дамыған заманы 21 ғасырға қайта әкелді.  Иә,мен қысқа уақытқа  болса да,  басқа әлемге тап болғандай болдым... Сіздерге айтқым келгені, сіздердің де іздеген адамдарыңыз әлеуметтік желіде емес, сізді мен сияқты  саябақта күтіп отырған болар. кім білсін?!

 

Автор: Айдана Серікбекқызы



Бөлісу: