Артық кетсем кешірерсің, қашқындарды кешірген қазақ!

Кешіре гөр кеш мені қылығыма,
Бәлкім көптер қасымда жылыды ма,
Кейбіреуі ойнауға ыңғайланып,
Кестіме екен жандарын сынығыма.

Болмасын қандай қылық өн басымда,
Көтереді сенемін жолдасыма.
Қылық жасап қыршыннан кетер кезде,
Сол бір жандар оданда қолдасын да.

Құрсын бәрі өкінгем мен, өкінген талайларда,
Ақ қар жауды себептен сол самайларға.
Ұлдың қамы ұмыт боп ұлт келгенде,
Мансап қорлар қашады маңайларға.

Бабам батыр, жыраулар, малшыларда,
Ұлтым деген кеудеден жан шығарда.
Ал қазіргі қоғамда қарындылар.
Қашам деген шетелге заң шығарда.

Кетсін бәрі нәпәқа тауып алып,
Тайраңдасын шетелді ауып ауып,
Ұрпағының біреуі туған жерді,
Түбі аңсап сағынар бетін жауып.

Аяқ басар із таппай туған жерге,
Қорқып қарап алыстан туған елге,
Көз жеткен шіркін ау басылмайды,
Көңілдегі сағыныш туған жерге.



Бөлісу: