Өмірдің көріністері

Өмірдің көріністері
жеке
блог

Ғимараттар бара жатыр көк тіреп,

Жолдарымыз кең де үлкен, нақ белес.

Бірақ жүрек пәс боп қалған кек тілеп,

Дүниеге көзқарасы жақсы емес.

 

Ақшаны көп жаратамыз, дегенмен,

Рахаты мен ләззаты аз, мәні жоқ.

Үйлеріміз үлкен кең боп келгенмен,

Ішінде бір үй боларлық жаны жоқ.

 

Бірақ әлі өте төмен ойлаймыз,

Десек-дағы мол білімді меңгердік.

Ауруға деп көптеп дәрі сайлаймыз,

Денсаулық аз сонда да, көп емделдік.

 

Қол астында меншігіміз көбейді,

Сонда да өз құнымызды жоғалттық.

Көп сөйлейміз бүлкілдетіп көмейді,

Нәтижелі ісіміз жоқ - ағаттық.

 

Жақсы көрсек, сезіміміз тым әлсіз,

Жек көреміз бірақ біздер тым қатты.

Сонау алыс Айға бардық тұрлаусыз,

Бару қиын көршілерге қымбатты.