Сапалы музыкаға деген құштарлық немесе Джамала

Сапалы музыкаға деген құштарлық немесе Джамала
жеке
блог

Жанды дауыс, сахнадағы шоу бар қиындықтарынды ұмытып, сол қойылымның қатысушысы қылып жібереді. Жалпы бейнебаяндарға қарағанда, live орындауларды тыңдап, танымал әншілермен қатар, cover орындаушыларды сүйіп тыңдайтын болдым. 

Евровидение, Жаңа Толқын сынды халықаралық музыкалықық байқауларды асыға күтіп, жыл сайын қызығып қараймын. Халықаралық байқау сахналарына әдетте өнерлі, жоқ, тіпті дарынды жандар қатысады. Олардың дауысын тыңдап, сахнаға шыққан сәтін тамашалаудан бір рухани ләззат аламын. 

Музыка әлеміне саяхат кезінде дауыстары мықты, әлемдік танымалдыққа ие болғандарды айтқым-ақ келеді. Алайда олар онсыз да керемет танымал емес пе? Оданша көп жағдайда біз біле бермейтін, бірақ оған қарамастан өте, өте дарынды бір әнші жайлы айтқым келіп отыр. 

Джамала – 2009-жылғы Жаңа Толқында көпшілікпен танылған әнші. Осы сайыста үздік атанған ол мені сол кезде қатты таңқалдырған еді. Онда 18-дегі жас қыз едім, ээх қайран кез... Cол кезде-ақ Джамала батыл, қызықты, позитивті, тіпті эпатажды болып көрінген. Дауыс, шоу, сахнада өзін ұстау өнері мені ғана емес, сол кезде әділ қазыларды бағындырған еді. 

Әдеттегідей сайыс аяқталды, ал мен неге екені белгісіз бұл керемет әнші жайлы ұмытып кеттім. Украиналық жас әнші біздің радио мен теледидарда көрінбегендіктен болар. Бірақ осы жақында "Астана жұлдызы" деген ұлттық жүлдемен қызығып, осы шараның Астанада өтетін гала-концертіне Джамала келетінін естідім! Содан қайта ол жайлы ізденіп, бар өлендерін тыңдап, концерттерін қарап шықтым. Арасында мені кезінде қанаттандырған 2009-жылғы Жаңа Толқын сахнасына шығуы да болды! Бұл бейнебаянды көруге міндеттісіңдер, достар!

Джамала қазірде әлемде танылған әнші. Ол өзінің дауысымен, орындау мәнерімен өте ерекшеленетін әртіс.  Негізінде опера, джаз бағытында ән айтады деп көрсетіледі.  Алайда ол джаз, соул, ритм-н-блюзды араластырып, керемет үйлестіреді. 

Жалпы мұндай ерекше әнші, композитор, керемет орындаушы жақында болатын "Астана жұлдызы" жүлдесіне шақырылған қонақ ретінде болатыны, бұл ұлттық сайыстың дәрежесін бірнеше сатыға көтерді деп ойлаймын. 

Джамаланы алып келетін ұйымдастырушыларға үлкен рахмет! Міндетті түрде Астанаға барып, Джамаланы тыңдап, рахаттанып қайтамын!

Ал мынау менің сүйікті әнім, міндетті түрде тыңдаңыздар)