Менде бір ұсыныс!

     Бәлкім, жақында қызметке орналасармын. Тек мектепке мұғалім болып емес. Оған шамам жетпейді менің. Бір жерден жұмыс шығып тұр, әрине. Бастығы алса болды жұмысқа. Онда да қазақ тілі мен әдебиетін қолданылатын қызмет қой! Жәрар!

     Айтайын дегенім, болашақта драматургия саласында қызмет еткім келеді. Әуелгі мақсатым - пьесам әкемтеатрда қойылса екен, арманым - сол әкемтеатрда қызмет қылсам екен. Мақсатыма жетермін Алла қаласа. Ал арманыма талпына қоймаспын. Жәй ғана қиялдамасам. Дүкең көкемнің сөзін тыңдасам, "Әәә. Иә-иә! Одан да оқып жүре бергенім дұрыс шығар. Драматург болу қайда? Дүкең көкем солай деп жатса..." деген ойға батамын. Мен мұғалімдікті бітірдім, мектепте практикада болып, жалпы, қазақ оқушыларының, қазақ мектептерінің жалпылама жайымен таныс боп қалдым. Интернатқа практикант болсаңыз, "не ызбидүю". Жүрегіңіз жұмсақ болсақ, қарны аш, шешелеріне алыста мұңайып, сабағын оқымай жүрген балаларды көрсеңіз...

     Мектепке мұғалім бола алмаймын. Дегенмен, қазақ мектептеріне де, қазақ драматургиясына да үлес қосқым келеді, жақсылық жағынан. Ол қалай? Әзірге әйдік-әйдік пьесалар жазу қолымнан келмейді. Бірақ шағын-шағын жазып тырысуға болады. Оқушылар да шағын қойылымнан басқаға бара бермес. Оларға да ыңғайлы емес пе, мерекелерде қойылымдарды сахналайтын болса. Әйтпесе, қазір оқушылардың көпшілігі КВН-ге құмар боп кеткен. Сахнадан көрінсе болды, сол да жеңіс, сол да бақыт. КВН де дұрыс, ол да оқушы жұртқа керек! Бірақ драмалық шағын қойылымдарда да өнер көрсетсе ше?! Ә?! Қойылымда ойнау оңай емес. Оқушылардың барлығы бірдей образға кіре бермейді.

    Айтпағым, болашақта осы оқушыларға арналған адамгершілікке, имандылыққа, отансүйгіштікке, батырлыққа, ...мен сабақ жоспарындағы тәрбиелік мақсатын жазып кетіппін ғой... опшым, болашақта шағын драмалық шығармалардың жинағын шығарғым келеді, мектеп оқушыларына арналған. Содан соң келісімін берген мектептерге таратып, одан соң... Ары қарай уақыт өте екшеленіп, текшеленер... "Аға-көке" деп жүгірермін көп болса... Оған дейін уақыт бар ғой әлі... Әйтпесе, ұрпақ арзан сөйлеп, өзінің қымбатын ұмытып келе жатқан сияқты, әлдебір нәрселерге, құбылыстарға ерем деп. Сіздерден ой-пікірлеріңізді күтемін! "Жасай бер! Алға!" деген сияқты жауаптар болмасыншы! Нақты-нұқты пікірлер жазылса игі... Рахмет сендерге, бауырларым!



Бөлісу: