Акция дейді ғой...

     Кеше әкемтеатрдан шығып, Абай көшесімен төмен түсіп келе жатсам, бір кәріс қызы алдымнан шыға қалып, маған қарай жақындады. Әншейінде қазақ қызы да жақындамаушы еді, қашпаса. Қарным Кунг-Фу Панданікіндей алға шығып кеткен дегенім ғой. Бойым қысқа, Сәрсенбектің бойындай. Сәрсенбек Бейсенбектің ағасы, бұрын туған одан. Ол да Жұмабектен бұрын туса керек. Жоқ, ол тумаған, туылған ғой! Туылған күн дегенім ғой, атау жағынан. Сөйтіп, "бірнәрсе-бірдеңе" деп, кішкентай қағазды ұстатты. "Акцияға қатысыңыз" дейді. Қайбір оңған ниет дейсің ыпырымөйтірлерде. Қағазды берсем болы дегені да. Оқи қалсам, неғылған акция деп, тамаққа шығар деп. Сөйтсем, вискас дей ма, әәә... жоқ, виски сатып алсаң, тағы бір арам нәрсесін тегін аласың дей ма, бірдеңе сондай. Қағазы қатты екен. "Жұлдыздар отбасының" өзі ондай қағаздан жасалуға духы жетпей жүр, әәә... ақшасы жетпей жүр дегенім ғой. Жарылқап Тұяқбайдың не қарап жүргені? Аға дей алман, идеологиямыз басқаша. Басқа да аға-көкелерім жетіп жатыр бір идеологиядағы. Бұл кісінің неғылған нелері онша неғыла бермей ма, әйтеуір, онша не емес неғылғандары...

     Ойпырым-ай! Әлгі акцияның "Біздің қоймаға кел! Нені ішеміз де, шошқа боламыз!" деген нелері біртүрлі-ай! Қанша дегенмен, жастарды нәркөтік пен ЖҚТМНСПРТУФХЧСЬ деген сияқтыдан қорғаштап, қарсылық танытып атақ-даңқ үшін (енді басқа шаруаға шамасы жетпейді ғой, сол себепті қағаз таратып, ліксия оқуға әуес шетінен) неғылғанмен, неге ішімдікке шақырғыш-ей, а, осы?! Ақша керек деп кез келген жұмысты істей беруге бола ма? Әлбетте, жоқ. Адал деген ұғымды тереңінен түсіну керек. Жәй ғана атау үшін емес. Бұдан да басқа АРАМ акциялар бар шығар мен көрмеген. Дегенмен, қазақ жастары мәдениет, қоғамдық акцияларға ғана қатысып, ел болашағына үлес қосуы керек! Мұндай акцияларға қатысып, шошқаға айналудың реті жоқ. Бар деген жерге бармай тұрып, әлгі қағазды оқисыз не ол деп, не дцзят деп. Дцзят деп қате жазып жібергенім жоқ, қой, құрсын! Әдігей осылай жазғам. Ары қарай, сонымен...

     Қандай да болсын бір істі қолға алмастан бұрын, адалдығы мен арамдығына ақыл жүгіртіп алыңыз. Ертең қиын боп жүрмесін неғылғанда... Осыны осы бастан неғылайық, қазақ жастары, Массагеттегі Медеттің ағалары мен тәтелері! Мақұл ма?



Бөлісу: