Әкеме

Әкеме
жеке
блог

Үлкен үміт күтесіз сіз дәл менен,
Сөзіңізден қуат алып әлденем.
Арманыңыз орындалып келеді,
Көп ізденіп ілім-білім ал деген.
Тек шынайы тілегіңіз бар ізгі,
Мен де өтеуге тырысамын парызды.
Мақтан тұтам маған әке екенін,
Мейірі мол өзіңіздей жан ізгі.
Бақыттысыз, азамат боп қалсақ біз,
Өмір бойы соны ғана аңсапсыз.
Сіздің салған жолыңызда бар міндет, 
Адам болу атақ-даңқсыз, мансапсыз.
Жігеріңнен жасымаған үлгі алам,
Кезің де жоқ еңбегіңді бұлдаған.
Шабытының шығып алып шыңына,
Жаза берер өзің жайлы бұл балаң.