Жастық шақ

Жастық шақ
жеке
блог

Жүректерді жылытқан да жастық шақ,
Мөлдірсің сен тұнықтан да, жастық шақ.
Дүниенің осы екен деп қызығы,
Ойын-тойға құныққан да жастық шақ.
Шаршап-шаршап тыныққан да жастық шақ,
Өмір сырын шын ұққан да жастық шақ.
Проблема бастан асып жатса да,
Қуанышты ұмытқан ба жастық шақ.
Алтыннан да қымбат, қайран жастық шақ,
Ыстық болып тудың қайдан, жастық шақ.
Махаббаттың толқындары тулаған,
Неткен ғажап, қызу майдан жастық шақ.