Жылылық сезіндім!

Өзім жайлы мәлімет:

Мен-Іңкәрбек Әлия 1997 жылы көгілдір көктем айларының көкесі көкек(сәуір) айының *5*-жұлдызында КЕГЕН атты кішкене қалашықта дүние есігін аштым. Есімімді не себепті олай қойғаны айтпасамда түсінікті. Биыл 9-сыныпты тәмамдап,орта білімді адам атандық.(Өкінішті)

 

Хоббиім:

Жауын жауып тұрғанда (жауыннан кейін) серуендеу, кітап оқу, өлең жазу, Шахмат,тоғызқұмалақ сынды ойындарды ойнау, Көркемсөз оқу. ("нағыз қазақты"(домбыра) үйрену).

 

Қай елге саяхат жасағым келеді:

Қазағымның тамаша табиғаты бар жерлері жетерлік. алдымен соның бәріне саяхат жасап алайын. сосын айта жатармын.

 

Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)?  

Жаңбыр тамшысы боп келер едім.

  "Аспанның көз жасы" тамғандықтан,

     Себелеп жауғандықтан!

 

Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

1.Не болса соған сене берме,қолыңда бардың қадірін біл,уақытыңды құр бекерге жіберме!
2.Адамдар сенен көмек сұраса,қол ұшын созудан бас тартпа!
3.Өмірдің әр сәтінен сабақ ал!
4.Болмашы өтіріктің немесе ұрыстың үлкен достықты бұзуына жол берме!
5.Үш нәрсені ұмытпа: өзіңді құрметте,өзгелерді құрметте және өз жасаған әр іс-әрекетіңе жауап бере біл!
6.Өміріңді адал және өзіңе лайықты етіп сүргейсің! Ертеңгі күні қартайғаныңда өткеніңнен рахат алатындай бол!
7.Жүрекке жол таба біл...

Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?  

Қалқаман Сарин, Тұрсынбек Қабатов, Нұржан Төлендиев, Бекболат Тілеуханов. Өйткені, бұл кісілердің іс-әрекеті,күлгені бәрі-бәрі шынайы. Ал шынайылық мен үшін байлық.

Сүйікті спорт түрі? Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

Тоғызқұмалақ, велосипедпен серуен, шахмат, нард.

"Менің атым-Қожа". Шынайылығы үшін дәл осы фильм.

 

Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)  

Ер адам.

 

Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Екеуі де.))





Бөлісу: