Жұлдыздар ордасы

Жұлдыздар ордасы
жеке
блог

«Жұлдыздар ордасы» ашылмақ

Сүйінші!!! Ақын, сазгер, әнші, асаба Құрманай Бахтиярқызы Шымкент қаласының қақ ортасынан «Сұңқар» атты жұлдыздар ордасын ашуда. Бұл кафенің бір ерекшелігі – сусындар, тағамдар, тіске басарлардың барлығы өнер адамдары, әншілердің есімімен аталады... Тіске басардың бір түрі Ұлықпан Жолдасовтың «Каспий» салаты, бұл салат «Цезарь» салатына ұқсайды, сонымен қатар Қайрат Нұртастың «KN» салаты болмақ. Бұл салаттың қоспаларын Қайраттың анасы Гулзира ханым ойлап тапқан, бірақ салаттың құрамын әзірге құпия сақтауда. Бұл кафеде әр әншінің сүйікті асы да болатынын айтып кеткен жөн. Ән атауымен “Қызыл алма”, ”Қызыл өрік” деген бәліштер (пирогтар) болмақ. Кафе 50-60 адамға арналған. Құрманай ханымнан мәзірлердің бағасын сұрағанымызда, бағасы қалтаға қонымды деп қысқаша қайырды. Бізге ең қызықтысы бұл кафенің тұсауын кім кеспек?  Ол жағын әзірге айта алмаймыз. Бірақ 17-ші маусым күні кафенің ашылу салтанатын бірге тамашалайық!