Бір белгі үшін осы әнімді арнадым...

Бір белгі үшін осы әнімді арнадым,

Әттең, сені басқа жанға қимадым.

Жәудіреген жас сәбидің жүзіндей

Көз алдымда тұрар сенің дидарың...

Иә, ғашық болған аруларыма қанша ән арнасам да, белгі болып қалмады, мен де олардың есінде қалмадым. Әлбетте, олар менің есімде. Бірақ болашақ бар ғой. Алла жеткізсе, болашақта әркім өз орнына жайғасады. Сол кезде не қуаныш, не өкініштер болады-мыс. Яки, өте көп жағдайлар: кезінде жігітті менсінбей, басқаға күйеуге шығып, 30-40 жылдан кейін балалары үшін ғана өмір сүріп отырған әйелдер, еркектерде де бар мұндай өмір.

Мен де бәлки қуанармын: сол кезде Жұлдызға қосылмағаным қандай жақсы болды деп. Алла біледі ғой бізге ненің қайырлы екенін. Алла адамға жамандық ойлаушы ме еді.

Бәлки, сіздер де жүрегін ұсынған жанға жөндеп, ойланып қарарсыздар. Әйтпесе, мына сұм заманда көбісіміз 50-ге де жете алмай, өмірден өтіп жатырмыз. Темекі үшін өлгендері қаншама.

Жанымыздағыларды бағалайық, жамандардан алыстайық, адам күні адаммен, сабырға салып ойланайық!

...



Бөлісу: