Батон мен Кола

Батон мен Кола...

Бүгін кешірек ояныппын, әдеттегідей. (жалғасы бар әрине)

...

Кеше жазатын нәрсені бүгін жазып жатқаным-ай...

Сөйтіп, кеше күндегідей кешірек ояныппын. Бір сағаттан соң жуынып-шайынып, "Орталыққа" кеттім. Әдетте, адам баласы ұйқыдан оянған соң бірден жуынады. Ал менің мына жуынып-шайындым дегенім ол емес. Әлгі барған жерімде адам көп екен. Несіне үлгермеппін... Амал жоқ, сумкамның ішіндегі нәрсені алдым да, сол не жеріне барып, неғылып отыра салдым. Ал ол жерге 71-мен жеткем. Аялдамаға бара жатсам, үй жақтағы бір жігіт "мен де бара жатырмын" деп, әптөбұсқа бірге міндік. Әптөбұс іші күндегідей біздерге орын бола бермейді. Жастар міне сала, арт жаққа барып отырып алады. Қулыққа салдым деп ойлайды, қулық емес. Жәй ғана әлсіздік, жәй ғана "өзімдіойлаушылық". Қолында ауыр заты жоқ жастар, әйтеуір, арт жағына отыруға әуес. Үлкендерге орын берсең, сол арт жағына да отыра береді. Бірақ қазір көбісі жаһанданып, феминист болып кеткен, үлкен кісілерді айтам да.

Сөйтіп, сол жерден шықтым, бауырларымды көрдім. Жатақханада бірге бір бөлмеде тұрғанбыз. Амандасып-есендесіп... Кім де басына әдемі не киіп алыпты...

Одан шығып, банкоматтан ақшаны алып (менің ақшам болса, "ақшамды" деп жазар едім), орталық базарға барып, Мұстафаға ойыншық сатып алдым. Туылған күнітұғын. 6-ға толып жатыр. Әйтеуір, мәз болып қалған. Не ойыншық қой...

Сөйтіп, Мақатаевпен жүріп, қайтар 71-ге отырдым. Мақатаевтың бойында, әлгі А.Р.Дос жақта да (Дос деген фамилиясы, А.Р. деген есім-жөндері ғой) "адал емес" ақша тауып жатқандар көп екен. Сол ақшамен үй ішін қанша асыраса да, берекесі болмайды. Адалынан емес қой. Сондайлар біздің 1-вокзал жақта да көп. Енді дұрыс па 3-4 нені алып алып, сосын кімдерге неғылып не істеп?.. Қаншама адам жүр ғой не істеп, неғылып, несіз...

71-ге отырдым. Артқы орындарда кілең жастар. О, тобаяқтар-ай! Шәпірдің қасындағы орынға барып отырдым. Сөйтіп, Қонаевпен түсіп келе жатқанда, ыпыробкыға не істейді ғой. Сол кезде терезеден оң жаққа қарап отырсам, әптөбұстың дәл алдынан бір жігіт кетіп бара жатыр.

Қолында кола мен батон...



Бөлісу: