Мемлекеттік емтиханды қалай тапсырдық өзі?

Мемлекеттік емтихан төрт сабақтан болды. Төртеуіне де дайындалғам жоқ. Бардым да, кезегім келгенде, білетінімді ғана айттым. Сол айналдырған 3-4 сұрақтың біреуіне ғана жауап беріп, "үштерімді" алдым.

Ал группадағылар болса, теліпондарын қосып, жауаптарын агент арқылы алып отырды. Сөйтіп, кәміссиган кісілерінің алдына барып, беттері бүлк етпей, миында жоқ нәрсені айтып, "бестік" баға алып кеткен. Бәлкім, дипломдарына үш түсіргісі келмеген шығар, ауылға барып көрсеткенде.

Дегенмен, болашақта бұл адамдар қандай жолға түседі екен? Өз білімімен бестікті алған адам мен агент арқылы жауаптарды айтып берген адамның айырмашылығын байқау қиын-ақ. Алайда өмір әрбір адамын өз орнына қояды.

Үш алсам да, мақтанып жатқаным жоқ. Дегенмен, білетінімді айттым. Дайындалғым келмегені - маған бәрібір болды. Себебі бұл мамандыққа жүрегім жақын емес. Қарғыс атқыр ЖОО-дан да шаршап кеттім, шыны керек. Арқаны кеңге салып, демалдым да қойдым, группаластарым емтиханға дайындалып жүрген шақта.

Мемлекеттік емтихандар да осылай өтті...



Бөлісу: