Театрға барып жүрмін...

Өткендегі жыр ғой! 11 билет алып алғам әкемтеатрға. 3 қойылымға бардым. Аз-кем әңгіме қып өтейін.

Июнь айының алғашқы күнінде "Апалы-сіңлілі үшеу" болды. Чехов атамыздың пьесасы ғой. Тұқымы көбейгір, жақсы жазған ғой. Пьесаның түпнұсқасын әлі оқымадым, бірақ оқиын деп жүрген ойым бар. Тек жалқаулығым өзі білдірер қашан оқитынымды. Күрделі пьеса екен. Бір көргеннен тез түсіне қоймадым. Енді түпнұсқасымен бірге осы пьесаға қатысты жазылған рецензияларды оқуым керек, сол кезде идеясын, айтар ойын түсіне жатармын. Сұлтанәлі көкем айтпақшы, менде әлі қабілет қалыптаспаған пьеса талдайтын, ешкім үйретпеген де.

Екінші жұлдызында "Ымырттағы махаббат". "Перед заходом солнца" ғой, Гауптманның, 15 жыл ішінде неміс драматургиясының шыңына шыққан, нацизмге қарсы болған неміс драматургы. Бұл пьеса 1932 жылы жазылыпты. Ал алғашқы драмасы "Перед восходом солнца". Ол мың сегіз жүз бірдеңесінші жылдары жазылған. "Ымырттағы махаббатта" салмақ әке рөліне түскен. Балалары байлықсыз қаламыз деп әкесін көңілі ұнатқан әйелге қосқысы келмейді. Ақыры, балалары армандарына жетеді. Әкесі у ішіп, өмірден озады. Жанашыр досы, бұған ғашық әлгі әйелі, үйіндегі қызметшісі, әлгі әйелдің анасы мен нағашысы, сонымен қатар бұл қарияның жеке дәрігері - бәрі соңында қайғырып қалады.

Кеше "Бес бойдаққа бір тойды" көріп, "от души" күлгем. Бәтшағар, комедияны да солай қарапайым әрі керемет қып жазады-ау. Тілі түсінікті, көрінісі - ауылдағы өмір, идеясы - қазіргі қазақ қоғамындағы мәселе. Бәрі түсінікті. Басты рөлде әке боп Бекжан Тұрыс ойнайды. Нағыз ауылдағы қазақ қариясының дәл өзі! Балаларын үйлендіре алмадым деп, өмірден өтіп кетпесем екен деп қайғырады. Кемпірге барғанда не деймін деп. Сөйтсе, балалары бұның сол бір сөзін күтіп жүр.

Енді, тоғызы күні "Ұлы мен ұрыға" барам. Премьерасына барғам, бірақ арасында ұйықтап қап, жөнді көре алмадым. Төлен Әбдіктің "Ардагер" деген драмасы ғой. Обаев көкеміз атын өзгерткен тек.

Әкемтеатрдың қазіргі басшысы Обаев емес қой. Ал Мүсірепов театрын жөнді білмеймін. Ол жаққа аяғым тартпайды онша. Өзімнің үйреніп қалған жерім жақсы сияқты, әкемтеатр, партер, 1-қатар әрдайым.



Бөлісу: