Мен дипломдық жұмысымды қалай ғана жазып жүрмін олай?..

Иә… Сонау 3-курстың соңында диплом тақырыбымды алдым-дағы, бірақ мәлімет жинастырмадым. Шымкенттегі жас драматургтердің конкурсына қатысам деп, пьесама іздедім мәліметтерді. Сөйтіп, 4-курсқа өттік. 1-курстағы жабылмаған құқық сабағым бар еді. Ол да пәле еді. Мамандыққа аттестация болып, одан да өттік жаттағанымызды белгілеп. Бірақ көпшілік шпор деген тәсілді қолданды. Сөйтіп, желтоқсан соңында әлгі құқық сабағымды да жаптым. Екі кредитін төлегем, қарызға ақша тауып. Мұғаліміне жолықсам, емтихан кезінде қинасам, ренжімеңдер деген. Дайындалыңдар деп. Бірақ емтихан кезінде жолықсам, кешке таман үй жаққа кел деді. 16-мен зымырадым. Адам көп. Әлгі құжаттарым сумкамда болса да, сумкамен қоса мыжылып қалғантұғын. Бардым, апай 75 қойып берді. Ертеңіне универге апардым да, одан кейін группадағы Батыстың қыздарымен қоян боп қайттым пойызда. Дипломға мәлімет жинамағам. Қысқы демалыстан кеп, практикаға кірісіп кеттік. Мемлекеттік қой. 2 ай іс-тәжірибеден өтіп, содан кейін ғана сәуірдің 15-теріне таман Ұлттыққа барып, мәлімет жинай бастадым. Жинағанда сол, Д.Әлімжановтың өмірбаяны жазылған бір мақаланы, содан соң тағы бір мақаланы нәуітбұғыма теріп жаздым. Сөйтіп, бір еңбекті ашып қойдым да, содан көшірдім. Пайдаланылған әдебиеттерді де қатырдым. Сөйтіп, 3 күн ішінде дипломымды аяқтап тастадым. Сәуірдің 20-сына дейін өткізіңдер деп жазып қойыпты деканат. Айдалаға 50-60 мың құртқанша, ол қалтамда да қалған жоқ. Себебі ондай ақша жоқ қой менде (күліп жатырмын). Декан да рұқсат етіп, қолын қойыпты диплом жұмысыма. Енді, міне, мемлекеттік емтихандарды да тапсырып жүрміз. Бұған да дайындалмаймын еш. Қабылдайтындарды күнде тамақтандырады кафеден, біз жинап берген 10 мың теңге ақшадан (студент басы). Үштік баға алып жүрмін сол. Қазір сол үйдегі жатыс тіршілік… 11.05.2013



Бөлісу: