Досым дедім немесе дос қызға ғашық болған жігітке

Досым дедім, досым дедім, сыйладым

Жамандыққа мен өзіңді қимадым.

Өстіп - өстіп күндер өтті мінекей

Ал сен маған жүрегіңді сыйладың....

Мен өзіңді досым дедім әрқашан,

Жігітім деп санамадым ешқашан.

Өстіп өстіп күндер өте бергенде

Достан жақын боп кетіпсің байқасам...

Қызғануды шығарыпсың себепсіз,

Мендік ойлар саған мүлде қажетсіз.

Ешбір жанды жуытпайсың маңыма

Бұл істерің маған тіпті керексіз....

Досым дедім, іс ақырын сезбедім,

Сырымды айтпай іште сақтап жүрмедім.

Жан досым деп сыйлап жүріп өзіңді

Ғашық қылып аларымды білмедім....

 



Бөлісу: