САҒЫНЫШҚА ТОЛЫ КЕШ

Үш Татьяна! 80-жылдары қазақ сахнасында өнерлерімен танымал болған орыс халқының үш қызы... Домбырамен әуелете ән салған Татьянаны мен аты орыс, заты қазақ деп қабылдайтынмын. Ал Полтавскаяның сүйкімді келбеті, бұрымы, көзі қатты ұнайтын еді. Мартыненко «Қызылқұмда ауылымды» ерекше орындайтындығымен көз алдымда қалыпты. Олар жайлы түсірілген деректі фильмді де көргенмін. Сол бала кезімде...

Кешелі бері концерттері болатынын естіп барғым келді. Ақыры бардым. Кеш керемет өтті. Залда ине шаншар орын болмады. Барлығы сонау 80-жылдардың көрермендері –  көпшілігі елуді еңсергендер. «30 жыл күттім осы шақыртуды», – деп егілген Татьяна Полтавская, «Болған қыз төркінін танымайды» дегендей, осы залда менің төркіндерім отыр айып етпесеңіздер орыс тілінде сөйлейін... Қазақша білмейтін қазақтар да – менің төркіндерім», – деп еркелей әзілдеген Татьяна Бурмистрова, «Қызылқұмда ауылымын» сол баяғыдай нақышына келтіре орындаған Татьяна Мартыненко... Әттең-ай, осындайда қазақтың мәрт, жомарт жігіттері шығып үшеуіне ат мінгізгенде ғой... Қазақтың қандай халық екенін мойындап тұрған қыздарға қазақтың жомарттығын көрсетіп... Өз ойым, әрине...

Кеш бітті. Әншілердің құшағы гүлге толды. Бәрінен кереметі – көрерменнің сахна шымылдығы жабылғанша тапжылмай орындарында тұрғандары. Сағыныштары сейілгенмен, мауқы басылмай қалғандай көрінді. Ал үш Татьянаның өнер адамдары ретінде мақсаттары орындалды. Оған дәлел – көрермендерінің шексіз ықыласы, қошемет-құрметтері.

 

 

 

 

 https://www.kaztrk.kz/kaz/news/portal/Ush_Tatjjana_Tansholpanda_konakta_id1370329972.html#go мені концертке ынтықтырған сюжет осы жерде...))))

 

 



Бөлісу: