Қазір ол ҰБТ, алғашқысы жай ғана БҰТ дейтін едік))))

2005-тің түлегімін. Тестілеудің екінші жылы. Тоғызыншы сыныпта 40 адамдық сыныбымыз, онға көшкенде 14 болдық та қалдық. Тесттен қорықпағандар қалған едік. Дайындық өз басымда керемет болмады. Сынама тесттерде ылғи да 120-дан 35-50 балл арасында жинап жүрдім))) Сұрақтарын да оқымай, өтірік бояп жүре бердім))))  Шыны керек, еш бір басымды ауыртпадым. Жыл бойы жай жүрдім. Қасымдағылар қосымша курстарға барып, күнде дайындалып жүр екен. Мен болсам төртінші пәнді таңдай алмай әлек болдым. Ағылшын деп ойлап, тек сонымен екі ай айналысып, сынама тесттерде 30-дан 25 алып жүрдім. Сосын, жоқ, ағылшын емес, дүние жүзі тарихын тапсырам деп шештім. Сомен, қаңтар-ақпан тарихтың түбін түсірдім. де. Тестке үш ай қалғанда химия тапсыратын болдым))))) Мұғалімдердің шаштары ағарды. Озат оқушысының жасап жүргені. Ата-анаммен сөйлесеміз деп қорқытып)) Үйде әкем 40 балл жинасаң жетеді, қиналма деген соң, жүре бердім. Сөйтіп жүріп, химияға қызу дайындалдым да, басқа пәндер жайымен қалды. Математикадан жоқпын, беске тартпаймын. Төртке шеше алармын деп ысырып қойдым. Қазақ тілінен олимпиадник болған соң, оны тіпті жауып қойдым. Тарихтан "Талапкерді" жаттап алдым. Бастан аяқ. Қиыны химия болды. 

 

Мұғалімдер мені игнорға жіберді. Қорқыту қолдарынан келмеген соң, ақыры тимейтін болды. Тестті аграркада тапсыратын болдық. Басымда қос бантик, фартукты көйлек киіп барсам, бәрі де қарапайым киініп келіпті))))))))) ой күлгенім)))) Ең алғашқы партада менің орным екен. Мен деген "жолыболғыш" оқушымын ғой)))) Сөйтсем, дәл артымда алдыңғы мектепте оқыған сыныптасым отыр. Ол да тани кетті))) Сөйлесіп, ақыры тест басталды. Қазақ тілі мен тарихты жарты сағатта белгілеп тастадым да, химияны ашсам - бір де бір сұрағына жауап білмеймін. Ұмытып қалған екенмін. Сол кезде не істерімді білмей, қаттым да қалдым. Экс сыныптасым түрткілеп,оның да тарихы мен қазақ тілін белгілеп бердім де, географияны тапсыра салайын деп, мүлдем дайындалмаған пәнімді тапсырдым. Математиканы манағы сыныптасыммен бірігіп, ақыры шештік))) Сол аудиторияға түскен сыныптас қыз шығып барып "4?" деді, "Гео" дедім. Көзі үлкейіп кетті де, шығып кетті. Асықпай бояп, черновик қағазыма жауаптарымды түсіріп, шықтым))) 

 

Ақыры, кешке 120-94 ұрыппын. Черновикте 98 дұрыс еді. Бірақ, аппеляцияға бермедім. Онсыз ақ керегімді алдым.



Бөлісу: